Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының а.ж. 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы тағайындалды.
Әбдіров Н.М. 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған.
Жамбыл облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бірінші басшысы ауысты.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департамент бастығы болып Марат Ирменов тағайындалды. М. Ирменов 2016 жылы Ақтөбе облысында орын алған террористерге қарсы операциясын бастаған басшы, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Марат Ирменовтың жұмысын жоғары бағалаған.
TURANINFO.KZ