• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысының қайратты от жауынгері

turan_admin turan_admin
24.09.2020, 13:30
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысының қайратты от жауынгері
308
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өрт сөндіруші мамандығы — бұл бала кезгі армандардың бірі, үлкен құрметке ие мамандықтардың бірі. Иә, бұл таңғалатын нәрсе емес. Өйткені қазіргі заманда әлемде өрт сөндіруші мамандығы — қауіпті мамандық болып саналады және үлкен жауапкершілік пен ептілікті талап етеді. Ал қауіпке толы аталмыш мамандықтың ержүрек қызметкерлері тәулік бойы отпен күресуден еш шаршаған емес.

Осындай қайратты өрт сөндірушілердің бірі Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Андиев Абилкасым Әбілқайырұлы.

Абилкасым Әбілқайырұлы азаматтық қорғау органдары
қызметкерлерінің қатарында 2013 жылдың наурыз айынан бастап қызмет еуде. Қызмет атқарған жылдары ол бірнеше рет өрт сөндіруге, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарын жоюға қатысты. Әбілқасым жұмыс істеген кезде өзін жоғары дәрежелі кәсіпқой ретінде көрсете біледі. Үнемі таңдап алған мамандығына бар ынта-жігерін жұмсайтын ол қызметіне толықтай берілген. Ол өзінің кәсібилігі мен батылдығын бірнеше рет көрсеткен мына бір жайттар көптің есінде.

Мәселен, 2018 жылдың 11 мамырында 07 сағат 29 минутта "101"
телефонына Тараз қаласы, Төле би көшесінде болған 9 қабатты үйдегі өрт
туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына №1 мамандандырылған өрт
сөндіру бөлімінің 2 бөлімшесі және бір АЛ-32 автосатысы жөнелтілген. Сол
күні Әбілқасым Андиев те кезекшілікте болатын. Оқиға орнына келгеннен
кейін қарауыл оқиға орнын барлауға кіріседі. Барлау жұмыстарын
жүргізгеннен кейін, өрт 4-ші қабаттағы қоймада орын алғаны анықталады.
Өрт сөндіруші-құтқарушылардың бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып атқарған үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында автосаты көмегімен
жоғарғы қабаттардан 3 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылады. Атап
айтқанда, өрт сөндірушілер 38 адамды қауіпсіз көшірген. Олардың 12-сі
балалар болып шыққан. Жалпы, өртті сөндіруге жеке құрамнан 11 адам және
4 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар "1 Б" оқпаны қолданылды және газ-түтіннен қорғау қызметінің 1 буыны ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл уақытта оқиға орнына өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі мен жедел жәрдем көлігі де келіп жеткен еді. Жедел жәрдем мамандары 4
азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, олардың жағдайын
медицина қызметкерлері қанағаттанарлық деп бағалап, зардап шеккендерді
үйлеріне жібереді. Өрт аумағы 5 шаршы метрді құраған. Нәтижесінде өрт 07
сағат 42 минутта ауыздықталып, 07 сағат 45 минут ішінде сөндірілді. Міне
осы өрт оқиғасының бел ортасында жүрген Әбілқасым өзін жоғары дәрежелі
маман ретінде көрсете білген.
Бұдан өзге Әбілқасым 2019 жылғы 2 желтоқсанда болған өртті жоюға
да қатысады. Бұл күні сағат 01.01-де күштер мен құралдарды жедел басқару
орталығына хабарлама келіп түскен. Бақсақ бақа екен демекші Тараз қаласы,
Сәтпаев көшесіндегі "Эврика" дүкені өртке оранған болып шығады. Оқиға орнына барлық қажетті күштер мен құралдар жедел жөнелтілген. Барлау
нәтижесінде 02 сағат 05 минутта №3 шақырту жарияланды. Өртті сөндіру
жұмыстары төбе жабындарының құлауымен және қайталама жану
факторларының (қатты түтіндеу, жану ошақтарындағы жоғары температура)
қатты әсер етуімен қиындай түскен. Сағат 02: 45-те өрт 1187 ш.м. алаңда
ауыздықталды, сағат 03: 31-де өрт 1187 ш. м. алаңда жойылды, өртті жоюға
барлығы, сол күні Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының 84 адамы және 19
бірлік техникасы жұмылдырылды.
Әбілқасым қатысқан өрттер мен төтенше жағдайларды жою жұмыстары мұнымен шектелмейді. Бірақ дәл осы қызметкер әрқашан қатарластарына қарағанда анағұрлым оқ бойы оза шауып, өрт сөндіру және ТЖ жою кезінде өзгелерден ерекшеленіп келеді. Сонымен қатар, ол өзінің өрт сөндіру бөлімінің спорттық шараларына да белсенді түрде қатысады. Ол өзі қызмет атқарған жылдары үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді және көптеген жандар үшін оның атқарған ісі үлгі болып келеді. Әбілқасым Әбілқайырұлы Андиевтің осындай биіктерден көрінуі ол әрине ең алдымен жұбайы Жанерке мен — Амина, Айсел, Інжу секілді әп-
әдемі үш қызының арқасы. Олар әрдайым отағасын, әкелерін кезекшілікке
шығарып салады және кезекшіліктен шаңырақтарына аман есен оралуын
асыға күтеді.

Жамбыл облысы ТЖД авариялық-құтқару жұмыстары өрт сөндіру
қызметінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.