• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАСЫ ЖҮЗГЕ ТАЯҒАН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ ВАКЦИНА АЛДЫ

turan_admin turan_admin
09.07.2021, 18:48
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАСЫ ЖҮЗГЕ ТАЯҒАН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ ВАКЦИНА АЛДЫ
267
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Жаңа жол ауылының 96 жастағы тұрғыны Ифрат Халяпова коронавирусқа қарсы екпенің екінші дозасын қабылдады. Жасы жүзге таяп қалса да жеке басының ғана емес, туыстарының да саулығына алаңдаған кейуана 12 мамыр күні «Спутник-V» вакцинасының алғашқы дозасын салдырған.

Ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның учаскелік медбикесі Гүлмира Алиеваның айтуынша, Ифрат Нуруллақызының жағдайы бірқалыпты. Тұтастай алғанда Жаңа жол ауылында 2910 адам тұратын болса, оның 1341-і вакцина салдыруы тиіс. Бүгінгі таңда 572 тұрғын ерікті түрде екпе салдырды. Олардың қатарында Ифрат Халяпова да бар.

«Ифрат Халяпова бұған дейін денсаулығына байланысты шағымданған емес. Екпе салдырмас бұрын әжейдің денсаулығының дұрыстығына әбден көз жеткізіп, қажеті шаралардың барлығын жасадық. Күнделікті жағдайын біліп тұрамыз,» — дейді медбике.

Ифрат Нуруллақызы Ұлы Отан соғысы кезінде де тылда еңбек етіп, жеңісті жақындатуға айрықша үлес қосқандардың бірегейі. Сондай-ақ бұрынғы жылдары қант қызылшасымен аты шыққан Шу ауданының беделді қызылшашыларының бірі болған. Балтамырдың бабын тауып, құрметке де бөленген. Бүгінгі таңда 6 баласынан өрбіген 13 немере-шөберелерінің ортасында шаттыққа толы күн кешіп отырған әжеміз аурудан айығудың жалғыз жолы — екпе салдыру екенін айтады.

«Мен екпені өзім үшін салдырған жоқпын. Артымнан ерген ұл-қыздарым мен немере-шөберелерімнің денсаулығына алаңдадым. Бұл індеттен жапа шеккендерді көзімізбен көрдік. Жақыныңнан айырылудың қаншалықты ауыр екенін жақсы білемін. Сондықтан кеш болмай тұрғанда вакцина салдырып, кеселдің жолын ертерек кесу керек» — дейді Ифрат Халяпова.

Расымен де, шулық кейуананың бұл ісі көпке үлгі болуы тиіс. Жалпы шалғайдағы Шу ауданында 100 мыңнан аса тұрғын бар болса, оның 49271 тұрғынына вакцина салдыру жоспарланған. Маусым айын есептегенде барлығы 13369 адам вакцина қабылдапты. Әзірге жоспар 27,1 пайызға ғана орындалып отыр. Дегенмен соңғы күндері екпе салдыруға ниетті тұрғындар саны едәуір арта түскен.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.