Ағымдағы жылдың 26-27 мамыр аралығында Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлері Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы және Талас ауданы Қаратау қаласы «Жартас» көліндегі қалалық жағажайлардың акваторияларын тексерді ,сондай-ақ, суда адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша халықпен профилактикалық әңгімелер жүргізді.
Өткізілген іс-шаралар барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды, олар бойынша жергілікті атқарушы органдарға түбін тазалау, қалтқы желілерін орнату, медициналық пункттер құру, тыйым салатын, ескерту стендтермен белгілер орналастыру, құтқару жабдығы бар қалқандар орнату ұсынылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Жамбыл облысы ТЖД АҚБ офицері лейтенант Аббас Сулиев