• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды

turan_admin turan_admin
14.12.2020, 16:28
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды
247
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысы Қордай ауданы Әлжан ана ауылында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Мұнда футбол, волейбол, баскетбол, еркін күрес, бокс, таэквондо және дзюдо сияқты бірнеше спорт секциялары жұмыс істейтін болады.

Ауданы 1400 шаршы метрден асатын спорт кешенінің құрылысына «Самұрық-Қазына»АҚ – «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Samruk — Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаражат бөлген. Мұнда түрлі спорттық іс-шаралар, аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстар, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары өткізілмек. Кешен үлкен арена, әмбебап зал, бокс және күрес залдары және 4 киім ауыстыратын бөлмелермен қамтылған.

— Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Облысымызда 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде десек, оның төртеуі Қордай ауданының ауылдарында жүзеге асуда. Әлжан ана ауылында жаңа спорт кешенінің ашылуы жергілікті жастардың, жалпы тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ықпал етеді деп сенемін. Енді олар аудан орталығына баруға артық ақша мен уақыт шығындамай-ақ, сүйікті спорт түрімен өз ауылдарында шұғылдана алатын болады, — деді Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтап.

Сондай-ақ, спорт кешенінің ашылу салтанатына осы ауданның тумасы, IBA нұсқасы бойынша кәсіпқой бокстан әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Марат Мәзімбаев арнайы қатысып, жақын болашақта осы кешеннің қабырғасынан Олимпиада және әлем чемпиондары шығатынына, олардың құрметіне тәуелсіз Қазақстанның әнұранын әуелейтініне сенім білдірді.

Барлық спорт залдары керекті құрал-жабдықтармен, оның ішінде бокс рингімен, күрес матрастары және төсеніштерімен, груша және басқа да тренажерлармен жабдықталған. Мұнда жергілікті балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 120 қатысушысы 6 жаттықтырушымен бірге шынығатын болады.

Айта кетейік, ғимараттың мүмкіндігі шектеулі адамдарға да қол жетімділігі қарастырылып, пандустар және арнайы дәретханалар салынған. Сонымен қатар, мұнда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектермен қамтылған медициналық кабинет те қарастырылған.

Бұл «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Жамбыл облысында іске асырған алғашқы жобасы емес. Мәселен, 2020 жылы өңірде үш әмбебап спорт алаңы ашылды. Сондай-ақ, Қордай ауданында білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті мен ресурстық орталық ашылады деп күтілуде. Бұдан бөлек, жақын арада Таразда Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы мен инклюзивті қолдау кабинеті ашылады деп күтілуде.

 Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.