2020 жылгы 09 шілдеде 19 сағат 31 минутта Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық округіне қарасты Боқтөбе елді мекенде орналасқан шаруа қожалығының бірінде шөппен қораның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Мойынқұм ауданының №18 Өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары шықты. . Өрт 21 сағат 30 минутта оқшауланып, 02 сағат 40 минутта толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан жиналған 100 руллон (12 тонна) шөппен қора толығымен жойылды. Өрттің көлемі 250 ш.м. құрады. От жауынгерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында үйлерге өрттің таралуы тоқтатылды. Шығыны мен себебі анықтауда.
Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
Тел. 8(7262) 34-86-09






