Елімізде агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау қызу жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жанында сарапшы-талдаушы аймақтық тобы құрылды.
Облыстың аудандарында болып қайтқан жұмыс тобының құрамына «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, ақпараттық- насихаттау штабының және арнайы мониторинг тобының басшылығы, сондай-ақ Фермерлер одағы мен «Жер Ана» қоғамдық шаруа қожалық бірлестігінің төрағалары, «Аграрлық несие корпорациясы» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының»Жамбыл облыстық филиалдарының мамандары кірді.
Жұмыс тобына кіретін мамандардың негізгі міндеті — субсидия берудің қазіргі тәжірибесіне, сондай-ақ қылмыстық істер мен сот шешімдеріне, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің шағымдары мен проблемалық сұрақтарды нақтылау, жинақтау және талдау болып табылады.
Талдау жақында басталғанына қарамастан, сарапшылар субсидия саласындағы бірқатар проблемалық мәселелерді анықтап үлгерді. Мәселен, «Төлеген» шаруа қожалығының өкілдері айтқан проблемалардың бірі — www.qoldau.kz порталында ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне субсидиялауға қосымша қаражат бөлуге өтінімдер қабылдау туралы уақтылы хабарламау.
«Белгілі бір субсидияға арналған бюджеттік қаражат әзірлене бастағанда- «www.qoldau.kz» порталы «ашылады», ауылшаруашылық тауар өндірушілері өтінімдер жібереді, жүйе ақша тарата бастайды. Осы субсидияға әзірлеуге тағайындалған сома бөлінеді және қаражат таусылғаннан кейін портал өтінімдерді қабылдауды автоматты түрде тоқтатады және өтінім беруге үлгермеген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері порталдың кезекті «ашылуын» күтеді. Дәл осы жерде проблема туындайды, өйткені барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілері субсидиялауға қосымша қаражат түскендігі туралы жедел хабардар етілмейді», — деді департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев.
Бұл мәселені шешу үшін әлеуметтік мессенджерлер арқылы хабарламалар немесе телефондарға өтініштерді қабылдау басталғаны туралы sms — хабарламалар енгізу ұсынылды.
Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарынан ауылшаруашылық техникаларын сатып алу үшін лизингке берілген шығындарды өтеуге байланысты көптеген шағымдар келіп түсті. Көп жағдайда, гранттар белгіленген мерзімнен кейін алынған және қарыз алушы өзінің пайыздық мөлшерлемесін өз есебінен төлеуі керек. Алайда, барлық шаруалар сыйақыны толық төлей алмайды, өйткені көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілері маусымдық жұмыспен айналысады. Бұл мәселені шешу үшін «Үміт» шаруа қожалығының өкілдері субсидиялау ережелеріне, атап айтқанда пайыздық мөлшерлемені өтеу бөлігінде, қарыз алушы өзінің 7% -дық бөлігін үнемі төлей алатындай етіп түзетуді ұсынды. Сонда мемлекеттік көмекті агроөнеркәсіптік кешен субъектілері сезінетін болады.
Өз кезегінде аймақтық топ өкілдері жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, абсолютті ашықтық пен субсидия берудің әділетті жүйесін қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, fзаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын алу үшін taldau@antikor.gov.kz электрондық поштасы, сондай-ақ +7 778 668 99 20 WhatsApp нөмірі жұмыс істейді.
Жұмыс тобының өкілдеріне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалдары мен еліміздің барлық өңірлеріндегі Агенттік департаменттерінің Antikor-орталықтары арқылы жүгіну мүмкіндігі де қарастырылған. Барлық проблемалық сұрақтар мен бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жоғарыда көрсетілген байланыс арналары арқылы немесе Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаевқа + 7 775 332 6482 WhatsApp нөмірі арқылы хабарласуды сұраймыз.






