Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова бұл орталықта ревматологиялық дертке шалдыққан жамбылдықтарға барынша жоғары медициналық көмек көрсетілетінін айтты.
«Бұл орталық өңірдегі ревматологиялық ауруларды қамту, диагностикалау және емдеуді жақсартады. Пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі дәрі-дәрмектерді уақтылы тағайындау үшін пациенттердің динамикалық мониторингі ұйымдастырылады. Ол физиотерапия және жаттығу терапиясының әдістерін қолданып, науқастарға мүгедектіктің алдын алуға көмек көрсетеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін және күндізгі стационарлардан бөлек, емделушілерге тексерілу, кеңес алу және емдеу мүмкіндігін беретін амбулаториялық қызмет кеңейеді», -деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, Жанар Оспанова тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндретті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде емхананың жолдамасы бойынша ревматологиялық орталықта тексеру және емдеу тегін жүргізілетінін атап өтті.
Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша ревматологиялық диагнозбен 4825 науқас диспансерлік есепте тұр.