Осы кезеңде 71 101 адамды қамтитын 32 352 тұрғын үйді аралау жүргізілді. Сонымен қатар, мамандар рейдтер барысында әлеуметтік осал халықтың үйлерінде 3 813 улы газ датчигін орнатты. Сондай-ақ тұрғындармен 559 жиын ұйымдастырылып, 7 378 адам қамтылды.
Айта кету керек, Департамент бөлімшелері 285 оқу орнында 189 интерактивті сабақ өткізді, 18 919 адам қамтылды және ұйымдардың қызметкерлерімен 141 нұсқама (дәріс) өткізіп, онда 3 682 адам қамтылды. Өткізілген іс-шаралар барысында 74 064 жадынама мен парақшалар таратылды.
Іс–шаралардың басты мақсаты – тұрмыстық төтенше жағдайлардың алдын алу, адамдардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу, азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі