Жамбыл облысында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ой шебері» зияткерлік ойынының 2-маусымдағы аудандық және қалалық іріктеу кезеңдері басталып, бірқатар өңірлерде сәтті өтті. Интеллектуалдық дода өңір жастарының кітапқа деген қызығушылығын арттыруды, ойлау мәдениетін қалыптастыруды және «Адал азамат» қағидатын кеңінен насихаттауды мақсат етеді.
Байзақ ауданы (Сарыкемер ауылы)
Байзақ ауданында өткен іріктеу кезеңіне 41 команда тіркелді.
Қатысушыларға төмендегі әдеби шығармалар ұсынылды:
| Шерхан Мұртаза | «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы |
| Ғабит Мүсірепов | «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасы |
| Елен Әлімжан | «Тарғыл сиыр» әңгімелер жинағы |
| Хамит Есеман | «Құдіретке құштарлық» әдеби мақалалар жинағы |
| Пернебай Дүйсенбин | «Жұмбақ жұлдыз жымыңы» әңгімелер жинағы |
Ойын қорытындысы бойынша:
І орын – Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы және Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы (2-топ);
ІІ орын – Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы (1-топ);
ІІІ орын – Көктал орта мектебі.
Ескерту: ереже талаптарына сәйкес гранд финалға Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы жолдама алды. Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының (2-топ) командасы І орынды иеленгенімен, құрамдағы 2 ұл, 2 қыз талабы сақталмағандықтан гранд финалға жолдама кері қайтарылды.
Жамбыл ауданы (Аса ауылы)
Жамбыл ауданы, Аса ауылында өткен ойында 22 команда бақ сынады.
Қатысушыларға төмендегі әдеби шығармалар ұсынылды:
| Шерхан Мұртаза | «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы |
| Қасым Қайсенов | «Жау тылындағы бала» повесьі |
| Елен Әлімжан | «Тарғыл сиыр» әңгімелер жинағы |
| Хамит Есеман | «Құдіретке құштарлық» әдеби мақалалар жинағы |
| Пернебай Дүйсенбин | «Жұмбақ жұлдыз жымыңы» әңгімелер жинағы |
Нәтижесінде:
І орын – Айша бибі орта мектебі (гранд финалға жолдама алды);
ІІ орын – Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп, «Бірлесу–Еңбек» орта мектебі;
ІІІ орын – Гродеково орта мектебі, Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейі, Еңбек орта мектебі, №5 Шайдана орта мектебі.
Жуалы ауданы (Бауыржан Момышұлы ауылы)
Қатысушыларға төмендегі әдеби шығармалар ұсынылды:
| Шерхан Мұртаза | «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы |
| Бауыржан Момышұлы | «Москва үшін шайқас» романы |
| Елен Әлімжан | «Тарғыл сиыр» әңгімелер жинағы |
| Хамит Есеман | «Құдіретке құштарлық» әдеби мақалалар жинағы |
| Марат Құлибайұлы | «Апамның аялы алақаны» кітабы |
Жуалы ауданында өткен аудандық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша:
І орын – №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназия;
ІІ орын – №14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектеп;
ІІІ орын – №13 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп.
Меркі ауданы (Меркі ауылы)
Қатысушыларға төмендегі әдеби шығармалар ұсынылды:
| Шерхан Мұртаза | «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы |
| Сейілбек Мырзабай | «Балалықтан даналыққа» отбасы хрестоматиясы |
| Елен Әлімжан | «Тарғыл сиыр» әңгімелер жинағы |
| Хамит Есеман | «Құдіретке құштарлық» әдеби мақалалар жинағы |
| Әлдихан Қалдыбаев | «Мен апамның баласымын» кітабы |
Меркі ауданында өткен іріктеу кезеңінің нәтижелері:
І орын – №19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы орта мектеп;
ІІ орын – М.Әуезов атындағы мектеп-лицей, №14 Мақсұт Жылысбаев атындағы орта мектеп;
ІІІ орын – №16 орта мектеп, Тұрар Рысқұлов атындағы №20 орта мектеп, №44 мектеп-гимназия.
Тұрар Рысқұлов ауданы (Құлан ауылы)
Қатысушыларға төмендегі әдеби шығармалар ұсынылды:
| Шерхан Мұртаза | «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы |
| Әбіш Кекілбаев | «Аңыздың ақыры» романы |
| Елен Әлімжан | «Тарғыл сиыр» әңгімелер жинағы |
| Хамит Есеман | «Құдіретке құштарлық» әдеби мақалалар жинағы |
| Қуандық Шолақ | «Менің атам» кітабы |
Нәтижелері:
І орын – Болтай батыр атындағы орта мектеп;
ІІ орын – Құлан тірек мектеп-гимназиясы;
ІІІ орын – Қ. Сұлтанбеков атындағы орта мектеп.
Талас ауданы (Қаратау қаласы)
Талас ауданында өткен іріктеу кезеңіне 14 команда қатысты.
Қатысушыларға төмендегі әдеби шығармалар ұсынылды:
| Шерхан Мұртаза | «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы |
| Сәбит Мұқанов | «Ботагөз» романы |
| Елен Әлімжан | «Тарғыл сиыр» әңгімелер жинағы |
| Хамит Есеман | «Құдіретке құштарлық» әдеби мақалалар жинағы |
| Көсемәлі Сәттібайұлы | «Сайқымазақ дүние» кітабы |
Нәтижесінде:
І орын – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп;
ІІ орын – Барбол Тоқтықожаұлы атындағы орта мектеп;
ІІІ орын – Амангелді атындағы орта мектеп, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия,
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, Қойгелді атындағы орта мектеп.
Сарысу ауданы (Жаңатас қаласы)
Сарысу ауданында өткен ойынға 24 команда қатысты.
Қатысушыларға төмендегі әдеби шығармалар ұсынылды:
| Шерхан Мұртаза | «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы |
| Бауыржан Момышұлы | «Москва үшін шайқас» романы |
| Елен Әлімжан | «Тарғыл сиыр» әңгімелер жинағы |
| Хамит Есеман | «Құдіретке құштарлық» әдеби мақалалар жинағы |
| Пернебай Дүйсенбин | «Жұмбақ жұлдыз жымыңы» әңгімелер жинағы |
Ойын қорытындысы бойынша:
І орын – Үшбас негізгі мектебі;
ІІ орын – Досбол орта мектебі, Үшарал негізгі мектебі;
ІІІ орын – Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп.
Мойынқұм ауданы
Қатысушыларға төмендегі әдеби шығармалар ұсынылды:
| Шерхан Мұртаза | «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы |
| Әбіш Кекілбаев | «Аңыздың ақыры» романы |
| Елен Әлімжан | «Тарғыл сиыр» әңгімелер жинағы |
| Хамит Есеман | «Құдіретке құштарлық» әдеби мақалалар жинағы |
| Әлдихан Қалдыбаев | «Ата» кітабы |
Мойынқұм ауданындағы іріктеу кезеңінің нәтижелері:
І орын – Шығанақ орта мектебі;
ІІ орын – Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы (1-топ);
ІІІ орын – Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы (2-топ), Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейі.
Шу ауданы (Төле би ауылы)
Шу ауданында өткен іріктеу кезеңіне 28 команда өтінім беріп, 19 топ қатысты.
Қатысушыларға төмендегі әдеби шығармалар ұсынылды:
| Шерхан Мұртаза | «Қызыл Жебе» роман-эпопеясы |
| Сәкен Сейфуллин | «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі |
| Елен Әлімжан | «Тарғыл сиыр» әңгімелер жинағы |
| Хамит Есеман | «Құдіретке құштарлық» әдеби мақалалар жинағы |
| Әлдихан Қалдыбаев | «Мен апамның баласымын» кітабы |
Нәтижесінде:
І орын – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия;
ІІ орын – Д.Қонаев атындағы орта мектеп, Домалақ ене атындағы орта мектеп (2-топ);
ІІІ орын – Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектеп.
Тараз қаласы (№69 орта мектеп)
Тараз қаласының білім беру ұйымдары арасында өткен «Ой шебері» зияткерлік ойынына 68 команда өтінім берді.
Қатысушыларға төмендегі әдеби шығармалар ұсынылды:
– Шерхан Мұртаза – «Қызыл жебе»;
– Сәкен Сейфуллин – «Тар жол, тайғақ кешу»;
– Әлдихан Қалдыбаев – «Мен апамның баласымын»;
– Елен Әлімжан – «Тарғыл сиыр»;
– Хамит Есеман – «Құдіретке құштарлық».
Нәтижесінде:
І орын – Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназия;
ІІ орын – Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия;
ІІІ орын – Төле би атындағы №8 гимназия және №23 орта мектеп.
Ереже талаптарына сәйкес, гранд финалға І және ІІ орын иегерлері жолдама алуы тиіс болатын. Алайда Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназия командасының құрамы ережеге сай болмағандықтан, гранд финалға берілген жолдама кері қайтарылды.
Рухани-танымдық маңызы
«Ой шебері» зияткерлік ойынының басты мақсаты – жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және «Адал азамат» қағидатын насихаттау.
Ойын барысында қарастырылған әдеби шығармаларда отансүйгіштік, азаматтық ұстаным, адалдық пен адамгершілік секілді құндылықтар кеңінен көрініс тапқан.
«Ой шебері» – жастардың алған білімін ортаға салып, өз көзқарасын еркін әрі мәдениетті түрде жеткізуіне мүмкіндік беретін тағылымды интеллектуалдық алаң.
ГРАНД ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН ТОПТАР:
Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы;
Жамбыл ауданы, Айша бибі орта мектебі;
Меркі ауданы, №19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы орта мектеп;
Сарысу ауданы, Үшбас негізгі мектебі;
Тараз қаласы, Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия;
Жуалы, Талас, Тұрар Рысқұлов және Шу аудандарында өткен «Ой шебері» зияткерлік ойынына барлығы 62 команда қатысып, өзара бақ сынады. Ойын қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен командалардың қатарында Жуалы ауданы №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы 25 ұпаймен алға шықты. Сондай-ақ Жуалы ауданы №14 Б. Майлин атындағы орта мектебі мен Тұрар Рысқұлов ауданы Болтай батыр атындағы орта мектебі 24 ұпай жинады. Мойынқұм ауданынан қатысқан Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының «I тобы» 23 ұпай, ал Шығанақ орта мектебі 24 ұпай иеленді.
Екінші айналым ойындары ақпан айында өткізіледі.
TURANINFO.KZ







