• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында қоғамдық орындар мен көшедегі қылмыстар саны азайған

turan_admin turan_admin
16.07.2021, 07:58
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында қоғамдық орындар мен көшедегі қылмыстар саны азайған
186
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметов алты айдың қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстар саны 1,8 пайызға төмендегенін хабарлады. Есепті кезеңде 60-тан астам жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстар саны азайған.

Дегенмен, Бердібек Сапарбаев интернет-алаяқтықтың күрт өскенін атап өтіп, бұл мәселені бақылауда ұстап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

— Ведомствоаралық комиссияның өткен отырыстары барысында аудан әкімдеріне әр ауылда учаскелік инспектор тағайындау, оны тұрғын үймен қамтамасыз ету, полиция қызметкерінің сол ауылда тұруы, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас жасауы тапсырылған болатын. Оған сеніп тапсырылған аймақтағы тыныштық пен тәртіп учаскелік полиция қызметкерінің жұмысына байланысты. Барлық учаскелік инспекторлар автокөлікпен қамтамасыз етілген. Бірақ олардың барлығы қызмет орны бойынша тұрып жатқан жоқ. Бұл мәселені уақыт созбай шешу қажет, — деп Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінен талап қойды.

Бұдан соң облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Ашкеев баяндама жасады. Ол жол-көлік оқиғалары санының өскенін хабарлады. Апаттың негізгі себептерінің бірі –жылдамдықты арттыру. Ұйқылы-ояу және шаршаңқы жүргізушілер өздеріне және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына зиян келтіру қаупін тудырады.

Бердібек Сапарбаев жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау бейнекамераларын орнату, жолдардың сапасын жақсартудын маңыздылығын атап өтті. Бұл міндеттер полиция департаменті мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалына жүктелген.

— Таразда жүргізушілер көліктерін жол бойына қойып кетуді әдетке айналдырған. Дұрыс тұрақтамағаны үшін тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту керек, — деп атап өтті облыс әкімі.

Басқосу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері де қаралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен ағымдағы жылдың алты айында өңірде 42 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркелген десек, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31-ге аз.  Бұл туралы ведомство басшысы Әділхан Әшірбаев мәлімдеді.

     — 6 мониторингтің нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға қатысты 13 ұсыным жолданды. Мониторинг жер учаскелерін бөлу рәсімдерін, карантиндік шектеулерді сақтай отырып, әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қатысты мәселелерді қамтыды, — деді А.Әшірбаев.

  Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге мемлекеттік сатып алу жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізіледі. Нәтижесінде, мемлекеттік органдардың сатып алу жоспарын қайта қарап, 950 миллион теңге үнемделген.

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Алмас Дүйсенбаев ағымдағы жылдың жарты жылдығындағы камералдық бақылау қорытындысына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша 1442 хабарлама жіберілгенін тілге тиек етті.

Бұзушылықтарды жоймаған басқарма басшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабы (заңды талаптарды немесе мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары берген нұсқамаларды орындамау немесе тиісінше орындамау) бойынша жауапкершілікке тартылған.

Отырыс қорытындысы бойынша аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуы бақылауда болатынын баса айтты.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.