• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:02
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі

turan_admin turan_admin
10.11.2020, 10:42
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі
176
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өткен айда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 60 жағдайы тіркелген десек, ол алдыңғы аймен салыстырғанда аурушаңдық деңгейінің 1,4 есеге өскенін көрсетеді.

Бұл туралы облыстық жедел штабтың кезекті отырысында   санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нейля Муликова хабарлады.

— Жағдайлардың көбі Тараз қаласы, Шу және Байзақ, Қордай аудандарында анықталған. 31 COVID-19 ошақтарында қорытынды дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Байланыста болған 230 адам үй карантиніне оқшауланды, — деді ол.

10 қазан мен 6 қараша аралығында мониторингтік топтар 1328 рейдтік тексерістер жүргізіп, 9125 нысан қамтылды. Карантиндік режимнің 530 бұзылу дерегі анықталып, 17 852 840 теңгеге 163 хаттама толтырылған.

— Байзақ, Шу, Талас, Сарысу аудандары мен Тараз қаласының мобильді топтарының жұмысын жандандыру қажет, — дейді Н.Муликова.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мониторингтік топтарға тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің шектеу және карантиндік шаралардың сақталуына бақылау жүргізу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

— Облыс орталығындағы топтар үш мыңнан астам нысанды тексеріп, тек 174 бұзушылықты анықтаған. Осы уақытқа дейін тек 60 материал келіп түскен. Кейбір аудандардағы жағдай да осыған ұқсас. Көптеген рейдтік тексерістерден нәтиже жоқ, — деді облыс әкімі.

Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлеріне аталған рейдттік шараларға қатысуға шақырды. Өз кезегінде Нейля Муликова аудандардағы барлық ведомстволардың жедел өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін үйлестіру орталықтарын құруды ұсынды.

Сырттан тасымалданатын жағдайлардың көбеюіне байланысты мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Облыс әкімі эпидемиологиялық жағдай күрделене түскен жағдайда, облыстың кіреберістеріне санитарлық посттар орнатылатынын атап өтті.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинациялау барысы туралы баяндады. Бүгінгі күні 345 мыңнан астам адам вакцинациядан өткен десек, халықты қамту көрсеткіші 30 пайызды құрайды. Жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдарға вакцина ақысыз егілуде. Бұл тізімге медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, 14 жасқа дейінгі балалар және зейнеткерлер кіреді. Сонымен қатар, Әсет Қалиев медициналық мекемелердің инфекцияның ықтимал жаңа толқынына дайындығы туралы хабарлады.

— Кадр мәселесі әлі де өзекті күйінде. Бұл бағытта  салалық басқарма С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетімен тығыз ынтымақтастық орнату қажет, — деді облыс әкімі.

Ол аурудың ықтимал толқынына медициналық қызметтердің толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

— Аудандарда жедел жәрдем қызметі облыстық станцияға емес, аудандық ауруханаларға бағынуы тиіс. Медициналық бригадалар пациентке мүмкіндігінше тезірек барып, жедел көмек көрсетуі керек, — деді облыс әкімі. Тиісті Қаулыны өңірлік жедел штаб шығарады.

  Басқосу соңында Бердібек Сапарбаев санитарлық нормалар мен шектеу шараларын сақтау бойынша тұрғындарға жүргізілетін түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын еске салды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.