Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі биылғы жылы 23 білім беру нысаны құрылысына 11,1 млрд теңге бөлінгенін айтты.
19 мектеп пен төрт қосалқы ғимаратты пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 11 білім беру нысаны пайдалануға берілді. Осыдан кейін екі апатты жағдайдағы, бір үш ауысымды және үш мектептің тапшылығы мәселесі шешілетін болады. 16 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 3,6 млрд теңге жұмсалды, – деп түсіндірді ведомство.
ҚазАқпарат мәліметіне сәйкес, облыста жеке бастамамен 12 жекеменшік мектеп ашылды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызы, 1-3 жас аралығындағы балалардың 91,5 пайызы қамтылған.
Сондай-ақ, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 46 938 балаға көмек көрсету үшін жалпыға бірдей білім беру қорынан 3,6 млрд теңге бөлінді.
Дереккөз-https://kaz.orda.kz/zhambyl-oblysynda-mektep-rylysyna-11-1-milliard-te-ge-b-lindi/






