Жамбыл облысында 02.08.2021ж. дейін тәулігіне – 9430 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 2571 адамға, 2 — айналымда 6859 адамға екпе жасалды. 02.08.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 289961 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 49,8%-ды құрайды, оның ішінде 18371 — медицина қызметкерлері (6,3%), 35282 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (12,2%), 18818 — күш құрылымының қызметкерлері (6,5%), 6680 — мемлекеттік қызметкерлер (2,3%), 10140 — студенттер (3,5%), 569 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 39670 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (13,7%) және 160161 — басқалары (55,3%).
Екпе алған 289691 адамның, 205585 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 64325 доза және 2 компонент 73971 доза; «QazVac» 1 айналымына 3090 дозаның және 2-ші айналымына 4256; «CoronaVac» — 1 дозадан тұратын 1-ші айналымға 0 және 1959 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 1 айналымына 0 доза және 2 айналымына — 1845 доза. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі






