Жамбыл облысында 30.08.2021ж. дейін тәулігіне – 4079 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 3470 адамға, 2 — айналымда 609 адамға екпе жасалды. 30.08.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 377068 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 64,8%-ды құрайды, оның ішінде 19011 — медицина қызметкерлері (5%), 38281 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (10,1%), 19068 – күш құрылымының мамандары (5%), 7591 — мемлекеттік қызметкерлер (2%), 16425 — студенттер (4,3%), 571 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,1%), 62387 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (16,5%) және 213734 — басқалары (56,7%).
Екпе алған 377068 адамның, 275841 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 29845 доза және 2 компонент 65525 доза; «QazVac» 1 айналымына 81 дозаның және 2-ші айналымына 2668; «CoronaVac» — 1283 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 1129 доза, Синофарм VeroCell 1 тур — 12112 доза, 2 тур – 22000. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі