Меркі ауданының полиция қызметкерлері аумақты патрульдеу кезінде сағат 09:30 шамасында Сарымолдаев ауылында жол ережесін бұзғаны үшін Тұрар Рысқұлов ауданының 26 жастағы тұрғынының басқаруымен»Volkswagen Getta» маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері 2021 жылдың қаңтарында жүргізушінің сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылғанын анықтады, бірақ соған қарамастан ол көлікті мас күйінде басқарып келе жатқан.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып жүргізілуде.
Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 5 жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығын шектеу не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде басқарудың 267 дерегін тіркеді.
Осы санаттағы құқық бұзушылардың жалпы санынан 10 жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады, 16 адам қайтадан мас күйінде көлікті жүргізген.
Дереккөз: Жамбыл облысы Полиция Департаменті






