• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:15
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА HAYT-VAX АРАБ ВАКЦИНАСЫМЕН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

turan_admin turan_admin
06.05.2021, 12:23
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА  HAYT-VAX АРАБ ВАКЦИНАСЫМЕН  ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
143
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Самұрық Қазына» ел тұрғындары үшін, сондай – ақ өз науқанының қызметкерлері (теміржолшыларға, химиктерге, газшыларға, Қазақтелеком мен Қазпошта қызметкерлері және т.б.) мен олардың отбасы мүшелері үшін Нayt-Vax вакцинасының миллион дозасын сатып алды.

Жамбыл облысына осы вакцинаның 60 мың дозасы ағымдағы жылдың мамыр айында жеткізіледі  деп күтілуде. 2021 жылғы 4 мамырда облысқа Біріккен Араб Әмірліктерінің фармацевтикалық өнеркәсібі және «Синофарм»  Қытай компаниясы (БАӘ — де орналасқан) шығарған, өнімге сәйкестік сертификаты бар Нayt-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді. Ресми мәліметтер бойынша, вакцинаның 50 миллионнан астам дозасы әлемнің 34 еліне жіберілді.

Hayat-Vax (SARS-CoV-2, VeroCell) SARS-CoV-2 – инактивтендірілген вакцинадан туындаған коронавирустық инфекцияға қарсы екпе. Белсенді емес және тазартылған коронавирустық инфекция вирусының бөлшектерін енгізуге жауап ретінде иммундық жүйе организмде қозғалады және нақты антиденелер шығарылады. Бұл жағдайда вирус денеге зиян келтіре алмайды.

Hayat-Vax вакцинасы 18 жастан асқан адамдарға, әсіресе, қарт адамдарға және созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға, егер ауру өршіп кетпесе, салынады. Вакцина ауыр аллергиясы бар адамдарға, жүкті, бала емізетін аналарға, 18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.

Вакцина алар алдында  әр адам дәрігердің қарауынан және тексеруінен өтеді, денсаулық жағдайына сәйкес егуді алуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

Hayat-Vax вакцинасын алғаннан кейін  адамда инъекция орнында ауырсыну, қызару,  екпенің орны аздап ісінуі, дене қызуының көтерілуі, аздап бас ауруы, әлсіздік, сирек бөртпе болуы мүмкін. Бұл көріністердің ұзақтығы, әдетте, үш күннен аспайды, олар арнайы емдеуді қажет етпейді. Вакцинация 21 күндік  интервалмен екі кезеңнен тұрады. Ол иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне 0,5 мл дозада бұлшықет ішіне енгізіледі.

Вакцинациядан кейін әрбір егілуші медициналық ұйымда (егу пунктінің жанында) кемінде 30 минут және егуді алғаннан кейін келесі 3 күн медициналық бақылауда болады. Жағымсыз көріністер пайда болған жағдайда учаскелік дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Hayat-Vax вакцинасы, басқа инактивтендірілген вакциналар сияқты, +2с-тан +8с-ке дейінгі температура жағдайында сақталады және тасымалданады. Бұл тасымалдауды және оларды аймақтарға бөлуді, жеткізуді, сондай-ақ медициналық ұйымдарда сақтауды жеңілдетеді. Жеткізілген вакцина көлемі Тараз қаласы мен аудандардың емханаларына таратылып, жеткізілді, аталған араб вакцинасымен облыста егу жұмыстары басталды.

Бүгін, 2021 жылғы 6 мамырда облысымызда алғашқылардың бірі болып теміржолшылар, Қазақстан Темір Жолы акционерлік қоғамы Жамбыл филиалы бөлімшесінің қызметкерлері егілді.

         «Қазақстан Темір Жолы» ЖШС филиалының директоры, «Жүк тасымалы» Жамбыл бөлімшесінің Рысбеков Үмітбек Есмұратұлы және басқа да теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелері ақпараттандырылған келісіммен алғашқы егуді алды.

           Барлығы 50-ден астам теміржолшы алғашқы егуді алды, олардың тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер болған жоқ.

Алдағы уақытта вакцинацияны әрі қарай егу жұмыстарын «Арай» медициналық орталығының дәрігері, вакцинаторы және тіркеушісі бар көшпелі егу бригадасы Локомотив депосының медициналық пункті  (Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі, 81, локомотив депосының медициналық пункті аумағында) ғимаратының базасында жүргізеді.

 

 

 

Тегтер: араб вакцинасыВакцинаСамұрық Қазына
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.