• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРҒА САЙ ОРЫНДАЛДЫ

29.10.2018
0
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРҒА САЙ ОРЫНДАЛДЫ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Оспан Бердияровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Оспан Ағабекұлы облыстың эпизоотиялық жағдайы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Ветеринариялық іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат
О.Бердияровтың айтуынша, 2018 жылы эпизоотиялық іс-шараларды жүргізуге қажетті барлық ветеринариялық препараттар Алматы қаласындағы франко қоймасынан алынып, арнайы рефрежераторлармен аудандардағы уақытша сақтау орындарына жеткізілген. 2018 жылғы эпизоотиялық іс-шаралар 9 айлық жоспарға сай орындалды. Ағымдағы жылдың 10 айлық жоспары өз кезеңімен орындалуда. Жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралардың (ауруды алдын ала анықтау жұмыстары) барысында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында жануарлардың созылмалы бруцеллез ауруына шалдығуы жылдан жылға төмендеуде.
Аталған аурудың жануарлар арасында кемуі адамдар арасында да бұл аурудың төмендеуіне оң әсерін тигізген. Ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарды зерделеу барысында облыс тұрғындары арасында бруцеллезге шалдығу жағдайлары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 адамға кемігені анықталды (2017 ж. -178 адам, 2018 ж.- 156 адам).
Сондай-ақ, облыс аумағында энзоотиялық ауруларға қарсы күресті жүргізу мақсатында мүйізді ірі қара малының тейлериоз ауруына, жылқының сақауына және ауыл шаруашылығы малдарының сальмонеллез (қылау) ауыруына қарсы егілетін вакциналары алынып, алдын алу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Бірдейлендіру және деректер қорына енгізу:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 2018 жылы МІҚ -дың 171 261 дана, қой-ешкінің 1 473 595 дана, түйенің – 1 620 дана, доңыздың 70 285 дана құлақ жапсырмалары толықтай жеткізіліп, аудандарға таратылып берілді.
Қазан айының 10 жұлдызына ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер қорында 447 753 бас мүйізді ірі қара, 2 945 607 бас уақ мал, 6 381 бас түйе, 99 408 бас жылқы, 13 647 бас доңыз тіркелеген.
2018 жылдың 1 қаңтарымен 10 қазан аралығында деректер қорына 316 869 бас мүйізді ірі қара (жоспар 137 318 бас, орындалуы 230 %), 1 617 543 бас қой ешкі (жоспар 1 192 523 бас, орындалуы 136 %), 37 479 бас жылқы (жоспар 35 057 бас, орындалуы 107 %), 1 667 бас бота (жоспар 1 298 бас, орындалуы 128 %), 5 788 бас торай (жоспар 30 246 бас, орындалуы 19 %) енгізілді.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау жұмыстары туралы
Облыс көлемінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта облыста 14 стационарлық (оның ішінде жеке лаборатория Шу-1, Меркі-1, Т.Рысқұлов-2, Тараз қаласы-1 барлығы 5 лаборатория), 4 жылжымалы ветеринариялық- санитариялық лаборатория жұмыс атқаруда. Өңірде 11 ішкі сауда объектісі және 8 мал базары жұмыс істеуде. Ішкі сауда объектісінде 9 айда 1 532 910 кг сиыр еті, 682 151 кг жылқы еті, 542 619 кг қой еті, 63 741 кг шошқа еті, 43 194 кг тауық еті, балық өнімдері 118 249 кг, 9 206 кг балара өнімдері, 11693 кг шұжық (колбаса) және 268 849 литр сүт өнімдері сатылған.
Мал базарларда 9 айда 33 808 бас мүйізді ірі қара, 17 795 бас жылқы, 90 419 бас қой-ешкі малы сатылған. Сонымен қатар қоғамдық тамақтандыру объектілері, сауда орталықтары, павильондары жұмыс істеуде және түгелдей ветеринариялық бақылауға алынған. Аудан әкімдігінің ветеринария бөлімінің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері бекітілген.
Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің ветеринария қызметімен форма №1- 38152, форма №2- 13293, форма №3- 100 ветеринариялық анықтамалары берілген және «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне» енгізілген.
Облыс бойынша 3 ет өңдеу кәсіпорыны, 1 құс өңдеу кәсіпорыны, 10 мал сою пункті, 48 мал сою алаңдары жұмыс істейді. Облыс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 406 бабы бойынша ветеринариялық заңнама талаптарын бұзғаны үшін 2018 жылдың 9 айында 136 жеке тұлғаға 3 920 150 теңге, 13 жеке кәсіпкерге 781 625 теңге және 1 заңды тұлғаға 60 125 теңге барлық соммасы 4 761 900 мың теңге айыппұл салынды. Өндірілгені 4064450 теңге (85,4 %). Сонымен қатар заңды және жеке тұлғаларға ветеринариялық-санитариялық талаптарды орындау үшін 1131 нұсқама берілді.
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындаумен (союмен) айналысатын өндіріс объектілеріне 2018 жылдың 9 айында 89 есептік нөмірлері берілді. Облыс бойынша бақылау, қадағалауға жататын өндіріс объектілері және тасымалданатын (орын ауыстырылатын) нысандардың ілеспе құжаттарының болуы мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің бақылауында.
Сібір жарасы көмінділерінің кадастрі бойынша облыс көлемінде 189 сібір жарасы ошағы белгіленген. 189 ошағы топографиялық картаға енгізілген және бетондалып, қоршалып, ескертпе тақтайшалары орнатылған. 179 ошақтың мемлекеттік жер пайдалану актісі рәсімделіп, «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізілген (8 сібір жарасы ошағы мемлекеттік орман шаруашылығы қорының аумағында орналасқан. Бұл ошақтарды жүйеге енгізу үшін мүдделі мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Талас ауданындағы 1 ошақ «Казфосфат ЖШС аумағында және 1 ошақ, Үшарал ауылдық округінде су астында болған, қазіргі таңда «Казфосфат ЖШС-мен және судың тартылуына байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде).
Облыс бойынша мал өлекселерін залалсыздандыратын 41 биотермиялық шұңқыр және мал өлекселерін өртейтін 16 стационарлы, 5 жылжымалы барлығы 21 инсениратор іске қосылған.
Бүгінгі күнде облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Конго-Қырым безгегі туралы
Жамбыл облысының Сарысу, Мойынқұм, Талас, Жамбыл, Байзақ аудандарының 77 және Тараз қаласының 6, барлығы 83 елді мекен Конго – Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) табиғи ошағы аумағында орналасқан.
Анықтама үшін: Сарысу ауданында 28, Мойынқұм ауданында 15, Талас ауданында 10, Жамбыл ауданында 12, Байзақ ауданында 12, Тараз қаласында 6 елді мекен.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 23 қаулысымен «Конго – Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында қоныстанған Сарысу, Талас, Мойынқұм, Жамбыл, Байзақ аудандары мен Тараз қаласының тұрғындарын қорғау жөніндегі 2018 жылға арналған бірінші кезектегі шаралар туралы» кешенді іс-шарасы бекітілді. Кешенді іс – шаралар кенеге қарсы дезинфекциялық дәрі-дәрмектермен малдармен мал қораларды, аулаларды дезинфекциялау жұмыстары Сарысу, Талас, Мойынқұм, Жамбыл, Байзақ аудандары мен Тараз қаласында атқарылды. 2018 жылы 83 елді мекенде жылдың көктемгі мезгіліндегі екі кезеңде табиғи ошақ аумағындағы көлемі 9 817 219 шаршы метр болатын 30 042 аула, қора-жай залалсыздандырылып, 696 634 бас ауыл шаруашылығы жануарлары (оның 78 899 басы мүйізді ірі қара, 587 001 басы уақ мал, 18 423 басы жылқы, 3 500 басы түйе, 2 317 басы шошқа, 6 494 басы ит) кенеге қарсы дәріленді.
Күз мезілінде үшінші кезеңі бойынша табиғи ошақ аумағындағы көлемі 10 044 208 шаршы метр болатын 30 502 аула, қора-жай залалсыздандырылып, 283649 бас ауыл шаруашылығы жануарлары (оның 69 293 басы мүйізді ірі қара, 490 439 басы уақ мал, 16 412 басы жылқы, 2 772 басы түйе, 2 417 басы шошқа) кенеге қарсы дәріленді.
Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында облыстық бюджет есебінен аса қауіпті жұқпалы аурулардың (Сібір жарасы, Конго-қырым қанды безгегі және т.б.) алдын алу және залалсыздандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында, аудандардағы ветеринариляқ қызмет көрсететін мекемелерге дезинфекциялық қондырғы орнатылған (ДУК) 4 машинасы сатып алынды.
Ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді орналастыратын қызметтік үй-жайларға қажеттілік төмендегідей: облыстың 160 ауылдық округінде тұрғындарға ветеринариялық қызмет көрсететін ветеринариялық пункт ашылған. 2018 жылдың бірінші қаңтарына қызметтік үй-жаймен қамтылған пункттер саны 25. Ағымдағы жылдың соңына қалалық және аудандық бюджет есебінен салынып, сатып алынған қызметтік үй-жаймен қамтылған пункттер саны 51 артып, облыс бойынша 76 пункт қызметтік үй-жаймен қамтылады. (Анықтама үшін: бүгінгі күнге 33 ветеринариялық пункттің ғимараты толық рәсімделіп, теңгерімге алынған, ал 18-нің құжтаттары теңгерімге алу үшін рәсімделуде).
Бүгінгі күнге облыстағы 383 елді мекеннің 33-і алаңдармен қамтылған, жыл соңына дейін 106 елді мекен алаңмен қамтылып, алаңмен қамтылған елді мекендер саны 139- ге артады. Алаңдармен қамту жұмыстары жергілікті бюджет және шаруа қожалықтардың қаражаты есебінен жүргізілуде. 2019 жылы жергілікті бюджет есебінен 244 елді мекенді алаңдармен қамту жоспарда.
Уақ малдың сыртқы паразитеріне қарсы дәрілеу (тоғыту) қолданылатын тоғытпалар саны бүгінгі күнге 79 жыл соңына тоғытпа саны 125-ге ұлғаяды. Жергілікті жерлерде ескі тоғытпаларды күрделі жөндеуден өткізіп, теңгерімге алу жұмыстары жалғасын табуда, — деп қорытындылады О.Бердияров.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты