• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
Advertisement
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында экономиканың барлық салаларында оң динамика қалыптасқан

03/08/2022
0
Жамбыл облысында экономиканың барлық салаларында оң динамика қалыптасқан
88
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ағымдағы жылдың алты айында Жамбыл облысында экономиканың барлық салаларында оң динамика қалыптасқан. Оған Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы тапсырмаларды өңірімізде тиімді іске асырудың нәтижесінде қол жетіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде жан-жақты айтылды.

Алғашқы болып сөз алған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова осы жылдың қаңтар-маусым айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады. Оның айтуынша, биыл бірінші тоқсанда жалпы өңірлік өнім 463,1 млрд.теңгені құрап, 5 пайызға артқан. Ал, алғашқы жарты жылдықта экономикалық өсім 104,1 пайызды құраған.

Сол секілді өнеркәсіп — 108,1 пайыз, ауыл шаруашылығы — 102, құрылыс — 105,7, тұрғын үй көлемі 103,7, сауда – 105,3, байланыс — 101,9 пайыз деңгейінде қалыптасты. 155,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, 255 млрд. теңгеге көлік қызметі көрсетілген.

Өзіндік кірістер 58,9 млрд. теңгеге орындалып, 25,7 пайызға артса, бюджет қаражаты 99,9 пайызға игерілген. Бұл көрсеткіштердің барлығы республикалық орташа көрсеткіштен жоғары қалыптасқан.

Дегенмен, басқарма басшысы Тараз қаласы мен аудандар бөлінісінде бірқатар көрсеткіштерде жоспарды орындауда сылбырлық танытып, артта қалғандарды да ашып көрсетті. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ұлттық жобалардың орындалу барысына жүргізілген талдау қорытындысына да назар аудартты. 10 бағыт бойынша жекелей тоқталып, орындалмай қалу қаупі бар индикаторларға көңіл бөлді.

Облыс әкімі көрсеткіші төмен салалық басқармалардың басшыларынан жауаптар алып, жұмысты ширатуды тапсырды.

— Аудандар мен басқармалар өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек. Әзірге ол байқалмайды. Орталық атқарушы органдармен де жүйелі байланыс орнату маңызды.

Жылдың қорытындысымен барлық индикаторлар орындалуы тиіс. Ешқандай сылтау қабылданбайды!

Қайта өңдеу кәсіпорындарын құру бойынша жұмыстар көңіл көншітпейді. Жеке инвестиция есебінен жобаларды жүзеге асыруға ден қою қажет. Бұл бағытта әр ауданның әлеуеті ескеріле отырып, басқармалармен бірлесіп әзірленген жоспарлы жобалар бар. Енді сол жоспардың орындалуы қатаң бақылауда болады. Осы тұрғыда жұмыстарды күшейтуге ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймын,-деді Нұржан Нұржігітов.

Басқармалардың өздеріне тиесілі индикаторларға қатысты жауаптарына қанағаттанбаған облыс әкімі өзінің орынбасары Нұржан Календеровке бөліністі қайта қарауды жүктеді.

Басқосуда облыс әкімінің орынбасарлары Нұржан Календеров пен Еркін Үйсімбаев баяндама жасап, әр саладағы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелерге айрықша тоқталды.

Жиында бағаны тұрақтандыру, жұмыссыздықпен күрес, мектептердің асханаларында ас сапасы, жастар саясаты, ауылдық клубтардың штаттық бірлігін арттыру секілді бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

— Жаңа оқу жылында мектептердегі ас сапасы барынша бақылауда болуы тиіс. Балалар қажетті дәрумендермен, таза бал, сүт секілді өнімдермен қамтылуы қажет.

Ұрпақ тәрбиесі, жастар саясаты – басты назардан түспейді. Оқушылар сабақтан соң бос уақытында спортпен, қосымша үйірмелермен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалуда. Көптеген спорт кешендері мен алаңшалар, мәдени мекемелер бой көтеруде. Осы мақсатта ауылдық клубтардың штаттық бірлігін арттыру ісін де қолға алып жатырмыз.

Сол секілді жастар саясатына бей-жай қарауға болмайды. Жастар орталықтарына арнайы ғимарат қарастырып,  қажетінше жабдықтауға ден қойыңыздар. NET санатындағы жастармен жан-жақты жұмыс жүргізу маңызды,-деген Нұржан Нұржігітов аудан әкімдері мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиында облыс әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен жергілікті атқарушы органдардың орындаушылық тәртібі туралы баяндама жасады.

Облыс әкімі барлық тапсырмалардың уақытылы орындалу керектігін ескертіп, кері байланысты нығайту, атқарылған жұмыстарды көрсете білу, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде, сапалы жауап беру секілді мәселелердің маңыздылығын баса айтты.

Аймақ басшысы мұндай әкімдік мәжілісін енді мүмкіндігінше айына бір рет өтетінін жеткізді.

Дереккөз-Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14/08/2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14/08/2017
“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

28/02/2020
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05/12/2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26/03/2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24/03/2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13/07/2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

2
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

1
Бас Прокурордың бұйрығымен бірқатар облыстардың прокурорлары тағайындалды

ПРОКУРАТУРА: 319 418 азаматтың құқығы қорғалды

07/08/2022
Жамбыл облысында дін саласында жоғары білімі бар 76 азамат қызмет атқаруда

Жамбыл облысында дін саласында жоғары білімі бар 76 азамат қызмет атқаруда

05/08/2022
«Жасыл ел» еңбек жасағын іске асыруға 1 мыңға жуық жас тартылды

«Жасыл ел» еңбек жасағын іске асыруға 1 мыңға жуық жас тартылды

05/08/2022
ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІ. 2021 жылдың 9 ай қорытындысы

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДАН КЕШІРІМ СҰРАДЫ

05/08/2022
Нұржан Нұржігітов: Облыстағы сақтау қоймаларының әлеуетін тиімді пайдалану керекпіз

Нұржан Нұржігітов: Облыстағы сақтау қоймаларының әлеуетін тиімді пайдалану керекпіз

05/08/2022
Жамбыл облысы әкімі күрделі жөндеу жұмыстарындағы кемшіліктерді сынға алды

Жамбыл облысы әкімі күрделі жөндеу жұмыстарындағы кемшіліктерді сынға алды

05/08/2022
Жаңа экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруда бизнестің барлық ұсыныстары ескеріледі – Әлихан Смайылов

Жаңа экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруда бизнестің барлық ұсыныстары ескеріледі – Әлихан Смайылов

05/08/2022
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2022. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2022. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz