2020 жылдың 29 қазанында сағат 17.56-да «101» телефон нөміріне Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Ақбаев көшесіндегі тұрғынүйдің ауласында шөпхананың өртенгендігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Байзақ ауданы №8 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігімен 5 адам жеке құрам шұғыл жөнелтіліп, шақырту орнына небәрі 4 минутта жеткен. Сонымен қатар аталған оқиға орнына шұғыл түрде Тараз қ. №4 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігімен 10 адам жеке құрам көмекке келіп,
кезекшіліке өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері де оқиға орнынан табылған.
Өкінішке орай тұрғындар кеш хабарласты ма екен, ол жағдай анықталуда алайда өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін аулада тұрған «Зил 131» маркалы жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігі және кабинасы зақымдалған, ал шөпханада жиналған 400 түк шөп (8 тн), сондай-ақ 15 дана омарта (араның ұясы) өрт салдарынан жойылған. Сондай-ақ қызыл жалын көрші орнласқан тұрғынүйге де жайылып үлгеріп, әлгі үйдің ауласындағы бастырма мен дәретхана да өртке оранған. Дегенмен от жауынгерлері тілсіз жаумен арпалысып, тұрғынүйлерді және өзге 200-ге жуық омарталар мен мал қора, тауық қораларды өрттен аман алып қалды. Бір қуанарлығы өрттен зардап шеккен тұрғындар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Жалпы өрттің ауданы 200 шаршы метрді құраған. Өрт сағат 18.40 –тау ауыздықталып, сағат 19.07-де өрт жойылған.
Осыған байланысты Жамбыл облысының ТЖД Өрт шыққан жағдайда шұғыл түрде 101 телефон нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді! Сондай- ақ қырағылықты күшейтіп, отты пайдалануда абай болу қажеттігін еске салады.






