• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
Advertisement
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Денсаулық

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ҚҰТҚАРҒАН НӘРЕСТЕЛЕР КӨБЕЙЕДІ

22.06.2022
0
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ҚҰТҚАРҒАН НӘРЕСТЕЛЕР КӨБЕЙЕДІ
240
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың Перинаталдық орталығында автоматты гипотермияның аппараттық кешені пайда болды. Ол облыстың неонатолог дәрігерлеріне бұрынғыдан да көп жаңа туған нәресте өмірін құтқаруға көмектеседі. Автоматты гипотермия баланың денесін біртіндеп салқындатуға, одан кейін оның ағзасындағы алмасу процестерін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Ол бала орта және ауыр асфиксиямен (тыныс алудың бұзылуы және организмде оттегінің жетіспеуі) туған кезде қолданылады. Жаңа туған нәрестені туғаннан кейінгі бірінші сағатта біртіндеп салқындатылуы оның метаболизмін өзгертеді және мидың өмірлік маңызды функцияларын сақтайды. Құрал-жабдықтарды «Өмір сыйлайық» жобасы аясында Halyk Bank демеушілік қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры сатып алды.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылының 15 жылы ішінде біздің қор отандық дәрігерлерге жаңа туған балалар өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектесіп келеді. Біз оны бірнеше бағытта жасаймыз. Тегін курстарда дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көмектесеміз. Реанимацияны заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету үшін демеушілер табамыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен үнемі диалогтамыз, мемлекетімізге көмектесу және қайырымдылық көмектің барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін біліктілігі жоғары дәрігерлерден кері байланыс аламыз. Күн сайын Қазақстан бойынша реанимацияда жүздеген баланың өмірін сақтап қалуға көмектесетін «Өмір сыйлайық» жобасына қолдау көрсеткені үшін Halyk Bank басшылығына зор алғысымды білдіремін», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Облыстық көпбейінді аурухананың Перинаталдық орталығы — бұл өңірдегі үшінші деңгейлі жалғыз мекеме. Жүкті, босанған әйелдер және қауіптіліктің жоғары тобына енген жаңа туған нәрестелер тек осында ғана білікті медициналық көмек ала алады. Сондықтан болашақ аналар мен жаңа туған нәрестелерді облыстың түкпір-түкпірінен дәл осы Перинаталдық орталыққа алып келеді. Жыл сайын мұнда 5,5 мыңға жуық ана босанады.

2015 жылы Облыстық аурухана Перинаталдық орталыққа арналған реанимациямен жабдықталған жаңа кең ғимаратқа ие болды. Бірте-бірте облыста неонаталдық өлім-жітім көрсеткіші төмендей бастады — 2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша ол 1000 нәрестеге шаққанда 7,3 жағдайды құрады. Алайда басқарылатын автоматты гипотермия жүргізу үшін аппараттың болмауы мәселесі өткір тұрды.

«Біз AYALA Қайырымдылық қорына өз проблемамызбен жүгіндік және ауруханамызға уақытылы және осындай қажетті көмек көрсеткені үшін Halyk Bank-ке ризашылығымызды білдіреміз. Бізде гипотермияның аппараттық кешенін сатып алу үшін бюджеттік мүмкіндіктер болған жоқ. Жыл сайын Перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде дәрігерлер асфиксиямен туған 30-ға жуық нәрестеге күтім жасайды. Бұл ретте механикалық гипотермия қолданылды — қолмен ондаған сағат бойы әрбір сәби салқын су құйылған пакеттермен салқындатылды. Бізде баланың бас миының жұмыс көрсеткіштерін үнемі бақылап отыру және терапияны жедел түзету үшін қажетті амплитудалқ электрэнцефалография аппараты де болған жоқ. Осының бәрі біздің реанимациялық әрекеттеріміздің мүмкіндіктерін айтарлықтай қиындатты. Қазіргі заманғы гипотермия аппараттық кешенінің арқасында біздің өңірде тірі қалу және ең бастысы, жаңа туған нәрестелердің функционалдық денсаулығының көрсеткіштері айтарлықтай артады. Біз балалар өміріне көбірек араша бола аламыз — бұл біздің күрделі жұмысымызда аурухананың барлық дәрігерлеріне шабыт береді», — деп атап өтті Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Қайрат Жетібаев.

Құны 20 млн теңгеден асатын гипотермия кешеніне автоматты гипотермия аппараты мен амплитудалы электрэнцефалография мониторы кіреді. Ол екеуі дәрігерлерге жаңа туған нәрестелерді құтқару және емдеу үшін қолданылатын терапияны бақылауға және тиімді түзетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жабдықтарды орнатқаннан кейін қор дәрігерлерді жаңа аппараттарды дұрыс қолдану бойынша практикада оқытады. AYALA қайырымдылық қорының бағалауынша бірнеше жыл бойы мұндай тәсіл Жамбыл облысында дүниеге келген жүздеген баланың өмірі мен зиятын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

«Halyk Bank ұзақ жылдар бойы AYALA қорының қайырымдылық бастамаларын — Қазақстан балаларының дене және ақыл-ой денсаулығын нығайтуға жасаған әрекеттерін қолдап келеді. Бірлескен қайырымдылық жобаларды жүзеге асырудың 15 жылы ішінде біз балалар ауруханаларының реанимацияларын жарақтандыруға, сондай-ақ мұқтаждыға бар көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге 200 млн теңгеден астам қаражат жұмсадық. Мемлекет басшысы Балалар жылы деп белгілеген биылғы жылы Жамбыл облыстық ауруханасының Перинаталдық орталығын қажетті заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру жобасына қолдау көрсеттік. Бұл көмек еліміздің басты құндылығы — өскелең ұрпақтың өмірін сақтап қалуға көмектесетініне сенімдіміз», — деді Halyk Bank-тің Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

Айта кетейік, 2020 жылы Halyk Bank қолдауымен AYALA қоры облыстық № 3 перинаталдық орталыққа гипотермия аппараттық кешенін тапсырған болатын. 5 жыл ішінде қор Қазақстанның 9 перинаталдық және ғылыми орталықтарын гипотермия аппараттарымен жабдықтады. Осының арқасында 205 жаңа туған нәрестенің өмірі құтқарылды. Тағы 5 аппараттық кешенді қор екінші жартыжылдықта еліміздің облыстық перинаталдық орталықтарына беруді жоспарлап отыр.

«Өмір сыйлайық» жобасы мен басқа да бастамалар аясындағы 15 жыл ішінде AYALA қайырымдылық қоры қазақстандық 67 денсаулық сақтау мекемесіне 2,2 миллиард теңге сомасына 1100-ден астам реанимациялық медициналық жабдықтарды тапсырды. Қазақстанда дәрігерлер тегін курстарда біліктілігін арттыру кезінде алған осы жабдықтар мен білімдердің арқасында 200 мыңнан астам бала құтқарылды.

Тегтер: Жамбыл облыстық ауруханаҚайрат Жетібаев
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

28.02.2020
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

2
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

1
Тараз қаласы әуежайында жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Тараз қаласы әуежайында жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді

31.01.2023
Жамбылдық полицейлер  жүзден астам автокөлікті заңдастырды

Жамбылдық полицейлер  жүзден астам автокөлікті заңдастырды

30.01.2023
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады

30.01.2023
Жамбыл облысында биыл 557,4 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

Жамбыл облысында биыл 557,4 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

30.01.2023
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

30.01.2023
Жамбылда медициналық ұйымдарға 648 млн теңге айыппұл салынды

Жамбылда медициналық ұйымдарға 648 млн теңге айыппұл салынды

29.01.2023
Жамбыл облысы әкімі ауыл тұрғындарының талап-тілегін тыңдады

Жамбыл облысы әкімі ауыл тұрғындарының талап-тілегін тыңдады

27.01.2023
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2022. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2022. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz