Өздеріңіз білетіндей, 2021-2022 оқу жылы және сәйкесінше «Білім күні» іс-шарасы дәстүрлі форматта өтетін болады.
Ағымдағы жылы облыста 23 білім нысанының(19 мектеп, 4 мектепке жапсарлас құрылыс) құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа оқу жылында 5 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 3 мектеп, 3 мектепке жапсарлас құрылыс дайын болады деп күтілуде.
Жалпы мемлекет тарапынан білім саласына көрсетілетін қолдау жыл санап артып келеді.
Ағымдағы жылғы жаңа оқу жылына дайындық аясындағы іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығындағы Д.Карбышев атындағы №16 орта мектептің жаңа ғимараты 30 тамыз күні пайдалануға берілді. Мұнда оқушылардың қауіпсіздігіне де айрықша көңіл бөлінген. Мектеп аумағына 15 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ жаңа оқу жылында «Ата-ана бақылауы» пилоттық жобасы аясында ішкі істер департаментінің дабыл жүйесіне қосылған. Бұл білім беру мекемесінде жаңа спорттық алаң, балаларға арналған жолда жүру ережелерінің бұрышы, «Шахмат тақтасы», «Лабиринт» секілді ойлау-дамыту зоналары ашылып, мектеп ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, 1-ші қыркүйек күні Тараз қаласындағы №2 орта мектебі (318 орындық), Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы орта мектебі (300 орындық), Қордай ауданы Масаншы ауылындағы мектеп (600 орындық), Қордай ауданы Күнбатыс ауылындағы мектеп (150 орындық) өз есігін айқара ашатын болады.
Жамбыл облысында жаңа оқу жылында жалпы 443 мектепке 240 мыңнан аса оқушы келеді деп күтілуде.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі






