• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
10.09.2026, 21:29
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында биыл 11,7 шақырым жылу желілері жөндеуден өтеді

turan_admin turan_admin
17.04.2023, 21:32
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында биыл 11,7 шақырым жылу желілері жөндеуден өтеді
78
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысы бойынша жылыту маусымы ағымдағы жылдың 12 сәуірінде  аяқталып, ұзақтығы 183 тәулікті құрады. Жалпы 9 жылу энергетика кешенімен жылыту маусымы кезеңінде 1 млн. 63 мың гигакалорий жылу энергиясы өндіріліп, 121 млн. 393 мың текше метр газ тұтынылды.

Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер 51,8 мың гкал-ға және 6,0 мың текше метрге артқан. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте жан-жақты айтылды.

Басқосуда қысқы жылыту маусымының аяқталу барысы, алдағы жылыту маусымына әзірлік жұмыстары, жылыту жүйелерінің жағдайы, жылу қазандықтарын газға ауыстыру, «ЖЭС» кәсіпорынының инвестициялық  жобалары секілді мәселелер қаралды.

Алғашқы болып баяндама жасаған энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев өңірдегі 9 жылу энергетика кешені және 593 автономды қазандықпен жалпы 1 737 әлеуметтік нысан, 1650 көпқабатты тұрғын үй жылытылғанын жеткізді.

Тиісті кезеңде жылу көздері мен инженерлік инфрақұрылым желілерінде 1-ші сипаттағы авариялық жағдайлар мен технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.

Басқарма басшысы қазіргі таңда барлық отын-энергетика кешендерімен алдағы 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық іс-шаралар жоспары бекітілгенін, биыл 11,7 шақырым жылу желілерін жөндеу жұмыстары жоспарланғанын жеткізді.

Аймақ басшысы алдығы жылыту маусымына жан-жақты сапалы дайындалу керектігін, ешқандай олқылыққа жол берілмеу тиістігін атап өтті.

— Жылытуға қатысты тұрғындардан түсетін шағым аз емес. Жылу берілгенімен үйлердің суықтығы туралы жиі айтылады.

Біз халыққа сапалы қызмет көрсетуге тиіспіз. Барлық жұмыстар осы тұрғыда бағытталуы тиіс. Жалпылама сөз, жауап қабылданбайды. Әлі де болса, осыны түпкілікті түсіне алмай келеміз,-деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімі газға қосылған елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың қазандықтарын көгілдір отынған ауыстыру тапсырмасының орындалуын сұрады.

2021 жылы 156 әлеуметтік нысанның қазандықтарын газдандыру іс-шаралар жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге 50 нысан қазандықтары газдандырылса, бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастыру үшін 2025 жылға дейінгі  Жол картасы бекітілген. Соған сәйкес, бірінші кезекте газдандыру қажет ететін 195 қазандықтың тізімі жасақталған.

Ағымдағы жылы 36 нысан жоспарланып, бүгінгі күнге 25 жоба-сметалық құжаттары әзірленген.

Сондай-ақ, Құдайберген Қорғанбаев алдағы жылыту маусымына Тараз қаласының жылу желілерін сапалы дайындау үшін ағымдағы жылы толық 30 күнге ыстық судың берілуін уақытша тоқтатып, гидравликалық сынау жұмыстарын жүргізу қажеттігін ұсынды.

Бұл ретте, облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы алдын-ала қала тұрғындарын хабарландырып, ескертудің маңыздылығын атап өтіп, олардың қаншалықты түсіністік танытып отырғандығын саралауды тапсырды.

Кеңес барысында «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-інің бас директоры Жұмағали Сабалақов, Тараз қаласы мен бірқатар аудан әкімдерінің есептері де тыңдалып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктелді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05
Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

08.09.2026, 09:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56

Тегін берілуі ​​тиіс 26 000-нан астам қаптама дәрі заңсыз сатылған

10.09.2026, 18:00

1,5 сағатта 2 млн теңге: Қазақстанда онлайн сауда қалай дамып жатыр?

10.09.2026, 13:00

Хиджабқа рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін – министр

10.09.2026, 09:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.