• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында ауыл әкімдердің 60 пайыздан астамы жаңарды

turan_admin turan_admin
28.07.2021, 12:06
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында ауыл әкімдердің 60 пайыздан астамы жаңарды
172
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда алғаш рет 25-шілде ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілген болатын.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау науқанында өңірімізде 38 ауылдық округ бойынша 122 кандидат ұсынылып, оның ішінде 111 үміткер тіркелді.

Өткен сайлау нәтижесінде тікелей дауыс беру арқылы 38 ауыл әкімі сайланды, олардың 63,2% жаңадан болғандар.

Оның үшеуі әйел әкімдер. Мәселен, Жуалы ауданы Карасаз ауылдық округіне сайланған Жанар Нұрмұратқызы бұған дейін  аталған елдімекендегі әкімдіктің іс-жүргізу және есеп бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп, меритократия қағидасы арқылы қызметте жоғарлап, ауыл әкімі болып сайланды.

Жалпы әкімдердің орташа жасы – 43 бұған дейінгі көрсеткіш – 54 жас болатын, яғни, ауыл әкімдерінің жаңа буыны 11 жасқа жасарып отыр. Ең жас әкім — Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылына сайланған 28 жастағы Қуандық Ерсайын осыған дейін аудан әкімдігінде персоналды басқару бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.

Барлық партия өкілдеріне, өзін-өзі ұсынғандарға тең жағдай жасалды. Әкім лауазымына тағайындалғандардың 31-і «Nur Otan» партиясынан, «Ауыл», «Адал», «Ақ жол», «Қазақстанның Халықтық партиясы» партияларынан бір кандидаттан жеңіске жетті. Өзін — өзі ұсынғандардың ішінен 3 адам енді ауыл әкімі лауазымында жұмыс істейтін болады.

Тағы да айта кетерлігі, жаңа әкімдердің 31%-ның  мамандығы экономист, 24% мұғалім, 13% инженер, 11% ауыл шаруашылығы маманы, 5% заңгер, 16% өзге мамандық иелері.

Жамбылдықтар Президенттің бұл жаңашыл реформасына толықтай қолдау көрсетіп,  сайлауға белсенді қатысты. Өңірдегі 89 сайлау учаскесінде 94 642 адам, яғни сайлаушылардың 90% қатысты.

Ауыл тұрғындары әкімдерді сайлауға белсене қатыс­ты. Мәселен, Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округінің 101 жастағы тұрғыны Жамбыгүл Ахметова алғашқылардың бірі болып өз дауысын берді.  Жаңатұрмыс ауылындағы Ұлы Отан соғысының ардагері 98 жастағы Шал­дан­бай Шаңбаев та өз таң­дауын жасаумен қатар, үміт­керлерге ақ батасын да берді.

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңадан сайланған 38 ауыл әкімдерімен кездесу өткізді. Аймақ басшысы оларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Бұл сайлау сіздер маңызды тарихи сәт, еліміздегі бірінші халық сайлаған сайланған әкімдерсіздер. Әрқайсысыңыз сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде жерлестеріңізді өз бағдарламаларыңызбен таныстырып, елді мекендегі ахуалды жақсартуға уәде бердіңіздер. Енді сөзді іске айналдыратын уақыт келді. Бұл мақсатта халықпен тығыз байланыс орнатып, әр тұрғынның талап-тілегін, арыз-шағымын назарға алу қажет. Тұрмысында мәселе туындаған ауылдықтардың сіздерден басқа базынасын айтып баратын ешкімі жоқ.

Сонымен қатар, ауылдағы өмір сүру сапасын арттыру, елді мекенді дамыту бағытында жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына күш салыңыздар. Ауылдағы ағайынды әуелі жолдардың сапасы, ауыз судың қолжетімділігі және өзге де инфрақұрылымға қатысты сауалдар мазалайды, осы мәселелерді шешуге жұмыс жасау керек.

Сондай-ақ, өз кәсібін ашуға, жеке шаруашылығымен айналысуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға және өнімін өңдеу үшін кәсіпорын ашуға ниеті болғанымен ретін таба алмай жүргендер көп. Осы азаматтарға саласына қатысты бағдарламаларды пайдаланудың жолдарын, мүмкіндіктері мен міндеттемелерін, неше грант алу тетіктерін түсіндіруді де естен шығармағайсыздар, – деген аймақ басшысы ең маңыздысы ел арасындағы татулық, ауызбіршілік пен тұрақтылықты сақтауға назар аударуды тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.