• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында «Ауыл — Ел бесігі» жобасы бойынша 246 жоба іске асады

turan_admin turan_admin
26.01.2023, 17:36
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында «Ауыл — Ел бесігі» жобасы бойынша 246 жоба іске асады
233
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биыл «Ауыл — Ел бесігі» жобасы бойынша Жамбыл облысында 246 инженерлік-инфрақұрылымдық жоба іске асады. Жобалар 78 елді мекенді қамтиды. Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова айтты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша есеп берді.

Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты. Экономикалық өсім 105,5 пайызды құрады.

Өнеркәсіп — 110,2, ауыл шаруашылығы – 107,5, құрылыс – 101,0, тұрғын үй көлемі — 101,5, сауда – 102,0, байланыс – 102,7 пайыз деңгейінде қалыптасты.

Облысқа  423,1 млрд.теңге инвестиция тартылды.

Өткен жылы өнеркәсіп саласында 859,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңінен 10,2 пайызға артты. Көрсеткіштің басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

– 2020 жылдан бері облысымызда фармацевтика саласы қарқынды дамуда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,2 есеге өсті, — деді Гүлдана Жауынбекова.

2022 жылы өңірде «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында 82 елді мекенді қамтитын 149 жоба жүзеге асырылған.

–  Жоба аясында 1 мектепке жапсарлас ғимараттың, 2 денешынықтыру–сауықтыру кешенінің, 1 мәдениет үйінің, 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, 8 білім нысаны газбен қамтылды, — деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ 10 мектеп, 8 денсаулық сақтау нысаны, 6 мәдениет үйі күрделі жөндеуден, 146 шақырым ауылішілік көше жөндеуден өтті.

2022 жылы басталған 18 жобаның құрылысы 2023 жылға өтпелі нысандар болып жоспарланған десек, биыл аяқталатын болады.

Ал өткен жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 291 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие берілді.

Жергілікті бюджет есебінен 511 маманға біржолғы көтерме жәрдемақысы берілді.

Ағымдағы жылы аталған жобаны іске асыру үшін 204 маманға бюджеттік несие қарастырылса, 515 маманға біржолғы көтерме жәрдемақысын төлеу қарастырылуда.

Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары бірқатар сала мамандарының есебін тыңдады. Нұржан Календеров мемлекеттік бағдарламаларды нәтижелі жүзеге асыруды, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін үнемі назарда ұстау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ 2024 жылдың бюджетін қалыптастыру бойынша тапсырма берілді.

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.