• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4 мыңға жуық тұрғын өз кәсібін бастады

turan_admin turan_admin
25.05.2023, 13:49
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4 мыңға жуық тұрғын өз кәсібін бастады
272
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мемлекет басшысының қолдауымен әзірленіп, 2019 жылы Жамбыл облысында пилоттық негізде басталған «Ауыл аманаты» жобасы өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсетті. Жоба басталғалы 18,3 млрд. теңге бөлініп, 24 ауылдағы 4 мыңға жуық  адам өз кәсіптерін ашты. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтылды.

ҚР Президентінің тапсырмасымен облыста табысты жүзеге асқан жоба қазіргі таңда ел көлемінде таралып, қолға алынуда.

— Жоба басталғалы облыстағы 24 ауылға 18,3 млрд. теңге бөлінсе, осы жылы қосымша тағы 24 млрд. теңге қаралды. Осылайша 26 ауылдағы 5 мыңға жуық тұрғынды несиелендіруді көздеп отырмыз. Яғни, тұрғындар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жұмыс орындары ашылады.

Нәтижесінде, осы жобамен қамтылған ауыл тұрғындарының орташа табысы 44 мың теңгеден 135 мыңға артатын болады.

Біз алдағы 2024-2025 жылдары республикалық бюджет есебінен 45,5 млрд. теңгеге қалған 103 ауылдық округтегі 490 мың тұрғынды қамтуды жоспарлап отырмыз,-деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімінің айтуынша, осы жоба іске асқан елді мекендердердегі әлеуметтік мәселелерді кешенді түрде шешу қолға алынуда. Атап айтсақ, аталған 24 ауылдық округтің инфрақұрылымына 9,5 млрд. теңгеге 183 жоба іске асырылуда. Ал, 2025 жылға қарай жобамен қамтылған елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен, қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін 92,2 пайызға жеткізуді көзделуде.

Жалпы, 2019-2022 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен қамтылған 24 ауылдық округтегі 58 ауылда осы жылдары 34,2 млрд. теңгеге 240 жоба іске асырылған.

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыста жайылым жер мәселесі  2021 жылдан бері қолға алынып, 5 бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.

— Облыста жалпы, 683,6 мың гектар жетіспейтін жайылым жерлер анықталған болатын. Мәселен, босалқы жер қорындағы және қайтарылған жайылымды елді мекендерге бекіту арқылы 363 мың гектардан 741 мың гектарға ұлғайттық, елді мекеннен 5 шақырымдық радиуста орналасқан 49,2 мың гектар жайылым жер елді мекендерге бекітілді, орман қорының 1 млн. 80 мың гектар жеріне мал басы көп тұрғындардың 245 мың мал басы шығарылды.

Шаруа қожалықтарының жерлеріне кедергісіз мал жаюға
510 мың гектарға меморандум жасалып, игерілмеген 379 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Нәтижесінде, жетіспейтін жайылым жерлердің көлемі
683,6 мың гектардан 164 мың гектарға қысқарды.-деді Н. Нұржігітов.

Биыл жоспарға сәйкес 200 мың гектар игерілмеген, заңсыз берілген жайылым жерлерді қайтару және 69,3 мың гектарды елді мекендерге жайылым жер ретінде қосу міндеті тұр.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.