Бұл туралы Үкімет отырысында «Жамбыл облысындағы тұрғындардың табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны кеңінен тарату» туралы баяндамасында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, жыл басынан бері жаңа жұмыс орындары мен кәсіпкерлер саны артқан.
Жалпы, бұл жобаның нәтижесінде 2282 кәсіпкер тіркеліп отыр. 589 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы 5 жылдың ішінде біздің жобамыз бойынша экономикалық тиімділік кем дегенде 14,5 млрд-ты құрады. Сонымен қатар қосымша 2000 мыңнан астам өнім өндірілді. Ең бастысы тапсырмаға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны азайды. 2019 жылы олардың саны 1615 отбасы болатын болса, қазіргі таңда 1058 адамға кеміп, 557 азамат болды,- деді ол.
Ол облыста оң нәтиже көрсеткен салалардың барлығы дерлік мемлекеттік бағдарлармалардың арқасы екенін және елді мекенде әлеуметтік жағдайдың жақсарғанын айта кетті.
Жұмыссыздар саны 528-ден 328-ге азайттық. Онымен қоса, ауыл тұрғындарының орташа табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге дейін көбейді. Тағы бір мәселелердің бірі атаулы көмек алатындардың санының азаюы. Былтырғы жылы біздің облыста жәрдемақы алатындардың саны 18 мыңға азайды. Бүгінде 78 елді мекенде бірде-бір адам атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес. Барлығы жұмыспен қамтылған, -деді әкім.
Дереккөз- baq.kz: https://baq.kz/news/othernews/zhambyl-oblysynda-atauly-aleumettik-komek-alatyn-adamdar-sany-azaydy/