Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қарлы боран кезінде 18 адам құтқарылды.
18 ақпанға қараған түнде сағат 01:30-дан 03:40-қа дейін Қордай ауданында, республикалық маңызы бар автожолдың жабық учаскесінде Төтенше жағдайлар департаменті, ҚР Қорғаныс Министролігінің 28123 әскери бөлімі, «ҚазАвтоЖол» АҚ күштерімен қар құрсауында қалған 5 жеңіл көліктен 18 адам құтқарылып Кенен ауылының жылыту пунктіне жеткізілді.
ТЖД тарапынан көмек көрсеткен құтқарушылар: Нұрбай Аширов, Лесбек Болатбеков, Арман Отарбаев, Рахат Калимбетов, Еркін Қанат.
Төтенше жағдайлар министрлігі