• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында 9 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облыс прокуратурасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде сараптамалық кеңестің отырысына қатысты.

turan_admin turan_admin
10.01.2024, 18:39
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында 9 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалды
108
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Гүлдара Нұрымова, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров және кәсіпкерлер палатасы мен басқарма өкілдері, бірқатар шетелдік инвесторлар арнайы қатысып, инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу бойынша прокурорлық сүзгілеу мәселесін жан-жақты талқылады.

Өткен жылы прокуратура органдары 162 қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде 9 мыңнан аса кәсіпкердің құқығы қорғалған. Заң бұзушылықтар негізінен салық, жер, әкімшілік заңнама салаларында анықталған. Сондай-ақ, фронт-офистердің жүйелі жұмыстарының нәтижесінде өз жобалары аясында 230 млрд. теңге инвестиция салып, 720 жұмыс орнын құруды көздейтін 5 инвестордың мәселесі оңынан шешілген. Атап айтқанда, прокурорлардың үйлестіруімен Talas Investment Company ЖШС-нің «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да несие желісін ашуға мүмкіндік туған. Салық органдары мен атқарушы өндірістердің 500-ден аса актісі өз күшін жойып, бизнес-қоғамдастық өкілдеріне 246 миллион теңге төленген.

Басқосу барысында бұған дейін өткен сараптамалық кеңестің отырыстарында ірі инвестициялық жобаларды қолдауға қатысты берілген тапсырмалардың нәтижесі баяндалып, «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасының маңызы сараланды.

Облыс әкімі кәсіпкерлікті қолдау бағытында қолға алынған жұмыстардың басым бағыттарына кеңінен тоқталып, инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында аудан әкімдері үшін KPI жүйесі енгізілгенін атап өтті.

— Бұған дейін 40-қа жуық инвесторлармен кездесу өткіздім. Шетелдік инвесторларды тарту бойынша жұмысты жандандыру маңызды. Жалпы, әрбір инвестиция өңір экономикасын әртараптандыруда айрықша маңызға ие. Өңірімізде негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін арттыру бағытында аудан әкімдері үшін жаңа KPI жүйесі енгізілді. KPI – аудан әкімдерінің жұмысын бағалауда маңызды жүйе. Сонымен қатар, бұл қадам өңірдің инвестициялық саясатын қайта қарауға мүмкіндік береді, — деді Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ, жиын барысында Парламент Мәжілісінің депуттаттары өз ойларын ортаға салып, жергілікті билік әлеуетті инвестициялық жобаларға көмек көрсету мен инвесторлардың жауапкершілігін күшейтуге қатысты мәселелер көтерді.

Басқосу соңында облыс әкімдігі мен облыстық прокуратура жүйелі негізде қолдауды іске асыратын инвесторлардың өңірлік тізбесін құру туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, бұл шаралар мемлекеттік органдардың бірлесе отырып, инвесторлар мен кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешуге мол мүмкіндік береді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.