Ағымдағы жылдың 15 қазанында Мойынқұм ауданы Құмөзек ауылының маңында құрғақ шөп пен қамыс өртенді. Оқиға туралы хабарлама жергілікті тұрғындардан 15:40-та келіп түсті. Оқиға орнына Мойынқұм ауданының №18 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері, жеке құрамның 6 адамы мен 1 бірлік техникасы, 2 бірлік техникасы бар ерікті өрт сөндіру
құралымдарының 20 қызметкері, сондай-ақ орман шаруашылығының 10 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жіберілді. Бұдан әрі оқиға орнына «Қазорманқорғау» РМК МИ-2 тікұшағы (бортта 1 ұшқыш және десанттың 4 адамы) жұмылдырылды.
Барлық күштер мен құралдардың ортақ күшімен 23:30-да жану оқиғасы жойылды . Жалпы жану көлемі 4 гектарды құрады.
Мұндай жанулардың қауіптілігі, кішкентай өрттен үлкен аумақтың өртену мүмкіндігі.Өрт қауіпті кезеңде құрғақ өсімдіктерді өртеуге тыйым салынады және келесі ұсыныстарды орындау қажет:
-от жағуға жол бермеу; сөндірілмеген темекілерді, жанып жатқан заттарды құрғақ шөппен жабылған бос жерлерге тастауға тыйым салынады. Құрғақ өсімдіктердің тұтануы анықталған жағдайда, болған жағдай туралы өрт авариялық-құтқару қызметіне «101» немесе «112» телефондары бойынша дереу хабарлаңыз.
-Өрт болған жерден мүмкіндігінізше тез кетуге тырысыңыз және өрт болған жерден автомобиль жолдары, теміржол магистральдары, өзендер жағына қарай алыстаңыз –осылайша сіз жалынның одан әрі таралуына кедергі келтіретін кеңістікті қалдырасыз.






