Жамбыл облысында екі күн ішінде 20 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын алу іс-шарасын өткізудің негізгі мақсаты ұзақ уақыт облыс аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарын, сондай-ақ жол жүру билеттерін сатып алуда қаржылық
қиындықтарға тап болған шетел азаматтарын анықтау болып табылады.
“Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 20 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдайтын Қазақстан Республикасының 45 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.