• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.10.2026, 00:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысында 100-ге жуық мектеп жөндеуден өтті

Жамбыл облысында 2024-2025 жылдары аралығында 41 білім беру нысанының құрылысын жүргізу жоспарланған.

Turan Redaktor Turan Redaktor
27.08.2024, 18:29
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысында 100-ге жуық мектеп жөндеуден өтті
47
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биыл 18 білім беру нысанының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Оның 6-уы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында қолданысқа беріледі.

Бұдан бөлек, 9 білім ұясы мен 1 мектептен тыс мекемеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Ал, 96 білім нысанын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды.

Алдағы жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралған басқосуда облыстық білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов баяндама жасады.

Басқарма басшысының айтуынша, жаңа оқу жылында облыстағы 507 орта білім беру ұйымы 248 мыңнан аса оқушыны қабылдайды деп күтілуде. 1-сыныпқа болжам бойынша 20 800 бала қабылданады.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақ, киім-кешек және жазғы сауықтырумен қамтамасыз етуге 5,6 млрд. теңге бөлінді. Оқу жылына киім-кешек алу үшін әр балаға 47 389 теңгеден берілді.

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда. Бүгінге дейін демеушілердің есебінен 1 481 балаға 38 млн.747 мың теңгенің көмегі көрсетілді.

1-4 сыныптағы оқушылар ыстық тамақпен толық қамтылады.

Басқосуда полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Құрмет Мәжікенов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы хабарлама жасады.

Ербол Қарашөкеев жауаптыларға оқушыларды 100 пайыз оқулықтармен қамтамасыз етуді, облыстағы оқу орындарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін анықтауды, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камераларын жіті тексеруді тапсырды. Бұдан бөлек, білім мекемелеріне қажетті көмірдің сапасына назар аударып, қазандыққа жауапты мамандарды оқудан өткізуді ұсынды.

Білім, құрылыс басқармалары мен аудан басшыларына жоспарланған жұмыстарды назардан тыс қалдырмай, мектептердің сапалы әрі мерзімінде тапсырылуын қамтамасыз етуді талап етті.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігі бірінші орында тұруы тиіс. Мектеп асханаларындағы тамақтың сапасына баса мән беріліп, оқушыларды табиғи таза өнімдермен қамту маңызды, – деп түйіндеді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тегтер: Ербол ҚарашөкеевЖамбыл облысыжөндеу жұмыстарымектеп
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49
Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31
Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25
Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

12.10.2026, 15:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.