Жамбыл облысынан медициналық жарна төлеушілердің саны 460 900 адамды құрайды. Еліміз бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 наурызына дейінгі кезеңде міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдардың түсімі 551,3 млрд. құраған. Оның ішінде
3,08% қаржы облысымыздың үлесінде, яғни бұл аралықта 460 900 сақтандырылушыдан 15,7 млрд.теңге аударылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Боқаева айтты.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істеген бірінші жыл ішінде елімізде сақтандырылған халық 1 миллион адамға 14,9 миллионнан 15,85 миллион адамға дейін немесе халықтың 84 пайызына
өскен.
«Жамбыл облысында 2020 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 наурызына дейінгі кезеңде сақтандырылмаған азаматтардың саны 254 036- дан немесе 22,3% -дан 227 985-ке дейін, яғни 26 051 адамға азайды немесе 20,0% құрады. Біздің облыстағы сақтандырылған азаматтардың саны бүгінде
911 166 адамды құрайды», — деді М. Боқаева.
Айта кету керек, жалпы ел бойынша, аударымдар мен жарналардың жалпы санынан мемлекет азаматтардың әлеуметтік осал санаты үшін ең көп жарна аударды. Ол 297,6 миллиард теңгені (54%) құрады. Ал, жұмыс берушілердің аударымдары 162,6 миллиард теңгені (29) %), қызметкерлердің жарналары -72, 2 млрд.теңге (12%), жеке кәсіпкерліктің жарналары 10,4 млрд.теңгені (1,9%) құрады, ал БЖТ -2,3 млрд.теңгені (0,4%) және сондай сома өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардан түскен — 2,3 млрд теңге (0,4%).






