Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында бұқаралық спортты дамыту және ауылды жерлерде спортпен шұғылданушылардың санын арттыру мақсатында Көгершін, Р.Сәбденов және Ақыртөбе елді мекендерінде спорттық-сауықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
2022 жылы бастау алған құрылыс жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталмақ.
Спорт нысандары “Ауыл — ел бесігі” бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.
Жалпы аудан аумағында 182 спорт нысаны жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы спортпен шұғылданушылар саны 38,6% құрады.
Айта кету керек, Жамбыл облысында 23 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін оның 16-сы қолданысқа берілмек. Сонымен қатар 2025 жылға дейін 129 елді мекенде заманауи спорт алаңшасын, ал, 2027 жылға дейін 59 спорт нысанын соғу жоспарда.