• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы Шу ауданында тәулігіне 8 мың тонна қызылша өңдейтін қант зауытының құрылысы басталды

turan_admin turan_admin
29.10.2021, 18:55
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы Шу ауданында  тәулігіне 8 мың тонна қызылша өңдейтін қант зауытының құрылысы басталды
219
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданындағы жұмыс сапары барысында «Тараз Химиялық Паркі» арнайы экономикалық аймағына барып, қант зауытының құрылысымен танысты.

Бүгінде аталған экономикалық аймақтағы ең іргелі жобалардың бірі саналатын қант зауытының негізгі құрылыс жұмыстары басталуда.

Жобалық құны 91 миллиард теңгені құрайтын заманауи зауыттың қуаттылығы тәулігіне 8 мың тоннаға дейін қызылша өңдеуге жетеді. Қазіргі кезде мұнда арнайы қалашық салынып, 130 адам вахталық әдіспен еңбек етуде. Олар тегістеу, іргетастың орнын дайындау секілді жұмыстарға қызу кіріскен.

«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының» басқарма төрағасы Серік Нұрғожаев жуық арада жұмысшылар саны тағы да артатындығын айтты. Ал қант зауытының құрылысымен айналысып жатқан мердігер бүгінгі күнге дейін 800 миллион теңге көлеміндегі қаржыны игерсе, жыл соңына дейін 1 миллиард 200 миллион теңгені игермек. Өз кезегінде облыс әкімі қант зауытының іске қосылуы аудандағы шаруашылықтардың жұмысына ерекше серпін беретінін атап өтті. Зауыт 2023 жылы толық қуатында іске қосылмақ.

Өңір басшысы бұдан соң республикалық мәндегі «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының бүгінгі жай-күйімен танысты.

Осы күре жолдың Шу ауданына тиесілі аумағында үш бірдей көпір салынуда. Оның біреуі темір жолдың үстінен салынса, екіншісі аудан орталығының іргесіндегі Қорағаты ауылдық округінде орналасқан, үшіншісі – Шу өзенінен өтетін көпір.

Жалпы ұзындығы 266 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде,  оның құрылысына «АБК автодор НС» ЖШС мен «Синьсин құрылыс және дамыту қытай компаниясы» ЖШС жауапты.

Осыдан екі жыл бұрын басталған жобаға қомақты қаржы бөлінген. Дәлірек айтқанда, Шу мен Меркі аудандарын жалғап отырған автожолды қайта жаңғырту үшін 9,1 миллиард, Шу қаласын айналып өту үшін салынған жолға 4,1 миллиард және «Шу-Хантау» автожолына 3,1 миллиард теңге қаржы қарастырылған.

Мұндағы құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырған «Қазавтожол» ҰҚ АҚ облыстық филиалының директоры Айжан Туғанова қазіргі таңда жұмыс 85 пайызға аяқталғанын жеткізді. Алайда, облыс әкімі   өткен жылы белгіленген меженің орындалмай отырғанын айтып, жұмыстың сылбыр жүріп жатқанын сынға алды.

– Өткен жылғы меже бойынша Меркі және Шу аудандарының арасындағы жолдың бір жолағы биыл пайдалануға берілу керек болатын. Өкінішке қарай, уәде әлі күнге дейін орындалмай отыр. Жұмыстың да сылбыр жүріп жатқанын байқауға болады. Қалай болғанда да мердігер компаниялар құрылысты межелі уақытта аяқтау үшін барын салуы тиіс. Сондай-ақ, жолға жауапты мекеме басшылары жарықтандыру мәселесін де естен шығармағаны жөн, — деген аймақ басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.