• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы Қордай ауданында екі мектеп ашылып, бірнеше баспана берілді

turan_admin turan_admin
04.09.2021, 21:10
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы Қордай ауданында екі мектеп ашылып, бірнеше баспана берілді
286
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биылғы білім маусымы қарсаңында Қордай ауданы Масаншы ауылында   1200 бала білім алатын жаңа мектеп ашылса, «Күнбатыс — 2» ауылында да 150 орындық негізгі мектеп пайдалануға берілді.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев аталған елді-мекендерде болып, жаңа білім ордаларының ашылуына қатысты. Көптен күткен қуанышты ауылдағы ағайын зор ризашылықпен қабылдап, өз алғыстарын жеткізді. Облыс әкімі Масаншыдағы жаңа мектептің спорт, мәжіліс залдарын, кітапханасы мен асханасын, сынып бөлмелерін аралады. Мектеп құрылысына 1 миллиард 200 миллион теңге қаражат бөлінген. Бұл мектепке алдағы уақытта әл-Фарабидің есімін беру жоспарланып отыр. Тиісті  орындарға ұсыныстар жасалған.

«Күнбатыс — 2» ауылындағы 150 орындық жаңа мектепте 147 оқушы білім алады. Оларға 20 мұғалім дәріс оқиды.  Мектептің салынуына 529 миллион теңге қаржы жұмсалған.

Облыс әкімі өз сөзінде – Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың қолдауымен былтыр Қордай ауданына ел бюджетінен 36 миллиард теңге бөлінді. Нәтжесінде былтыр 4, биыл тағы 4 спорт кешені, биыл 4 мектеп және тұрғын үйлер де салынынып жатыр. — Әрбір дамыған мемлекеттер ең алдымен білім саласына көңіл бөледі. Оқушылар мен мұғалімдерге  жасалған жағдай — болашаққа жасалған қадам. Қазіргі таңда  облыс аумағында 21 білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында 7 мектеп пайдалануға  берілді, деді. Сондай-ақ, облыс әкімі мектепті жиһаздармен жабдықтауға атсалысқан  түлектерге алғысын білдірді.

Масаншы, Күнбатыс, Сортөбе ауылдарының тұрғындары оң өзгерісті  ерекше қабылдап, өз ризашылықтарын жеткізді. Масаншы ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Дыдыр Двумаров: «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай елімізде көптеген игі істер атқарылуда. Оның шапағатын біздің Масаншы ауылы да сезініп отыр. Ауылға тегіс газ кірді, таза ауыз су бар, жол жөнделді. Енді міне заманауи үлгідегі жаңа мектеп ашылды. Бұл тұрғындарға деген үлкен жанашырлық. Сол үшін Ел Президентіне, облыс әкіміне алғыс білдіремін. Қазір Қордайда тұрғындардың бәрі тату-тәтті, ынтымақ-бірлікте өмір сүруде» десе, осы мектептің қазақ тілі мен әдебиті пәнінің мұғалімі, әрі ата-ана Шехуар Мумарова: «Жаңа оқу жылын жаңадан салынған кереметтей зәулім мектепте бастағанымызға өте қуаныштымыз. Былтыр ел Президенті Қордайға келгенде біз ол кісіге жаңа білім ошағын салу жөнінде өтініш айтқан едік. Мемлекет басшысының қолдауын көп ұзамай сезініп отырмыз. Бұрынғы мектеп ескі, сынып кабинеттері аз болатын, спорт залы жоқ еді. Енді міне жаңа мектепте үлкен спорт зал, робототехника кабинеттері бар» деді шаттық сезімін жасыра алмай. Сонымен қатар, Қордай  сапарында облыс әкімі Б. Сапарбаев Сортөбе ауылында құрылысы аяқталған тұрғын үйлердің кілтін табыстады. Мұнда екі пәтерлі 20 тұрғын үй салу жоспарланған әзірге 10 үйдің құрылысы  толық аяқталған. Қалған  10 үйдің жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, «Асар» жобасы аясында көпбалалы анаға жаңа пәтердің кілті табысталды.  Онан соң облыс әкімі Б. Сапарбаев тамшылатып суаруға арналған    түтікше шығаратын » Қордай агротех» компаниясында болды.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.