• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы әкімі Қордайдағы бірқатар жұмыстармен танысты

turan_admin turan_admin
30.10.2021, 13:19
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі Қордайдағы бірқатар жұмыстармен танысты
156
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Қорай ауданындағы жұмыс сапары Гвардейск қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты жанындағы «ОтарБиоФарм» зауытының өндірістік цехының құрылысымен танысудан басталды.

Отандық ғалымдар індеттің алдын алу үшін Қордай ауданының Гвардейский кентінде орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында өз вакцинамызды жасап, сынақтардан сәтті өткізуде.

Зауыт құрылысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қысқа мерзімде салынды.  Кәсіпорында әлемдік стандарттар бойынша иммунобиологиялық препараттар, оның ішінде коронавирустық инфекцияға, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакциналар шығарылуда. Жылдық өндіріс көлемі 30-60 миллион доза биологиялық өнімді құрайды.

 Бұл биофармацевтикалық зауыттың республикамызда баламасы жоқ.

 Негізінен зауыт Италия, Қытай, Германия, АҚШ, Ресей мен Голландия мемлекеттерінен жеткізілген құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Бұл зауыттың бірінші кезенің жүзеге асыру үшін 7 миллиард теңге қаралған. Оның құрылыс жұмыстарын «КА – Строй ЛТД» ЖШС жүргізген.

Жалпы ғылыми-зерттеу институтында дайындалған вакцина Тараз бен Алматы қалаларындағы емдеу орталықтарында сынақтан өтіп, еліміздің барлық өңіріне таратылған. Біздің вакцинаға шет мемлекеттерден де тапсырыстар түсуде.

— Мұндай қысқа мерзімде зауыт салу бізде ғана мүмкін болып отыр. Əйтпесе шетелде мұндай ғимаратты екі-үш жылда салады. Осы жобаны Жамбыл облысында жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Президентке, облыс əкіміне алғысымыз шексіз. Зауыт соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен, құрал-жабдықтармен қамтылған. Біз əлемге Қазақстан ғалымдарының да қолынан жаңалық ашу келетінін  көрсеттік, –дейді Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарья.

Бұдан кейін аймақ басшысы жаңа оқу жылында пайдалануға берілген Масаншы ауылындағы 600 орындық №50 орта мектепке де арнайы ат басын бұрды. Аталған білім ошағының құрылысын «Таразстрой-2004» ЖШС жүргізген. Бүгінде онда 794 бала білім алуда.

Бердібек Сапарбаев өткен жылғы Қордай оқиғасы кезінде зардап шегіп, қайта қалпына келтірілген Исмар Лутур мен  Юсуф Паровтың тұрғын үйлерін көрді.

— Бүгінде үйіміз толығымен қайта қалпына келтірілді. Шатыры жабылып, ішкі əрлеу жұмыстары аяқталды. Енді сырты ғана қалып тұр. Биыл ауылымызға газ кіріп, үйіміз жылып қалды. Баспанамызды қалпына келтіруге көмектескен баршаға алғысымыз шексіз, — дейді Ю.Паров.

Сонымен қатар облыс əкімі жеке кәсіпкер Рахим Сибоның «ЖК Сибо» киім дүкені және шаштаразымен де танысты. Ол 4 адамды жұмыспен қамтыған. Жұмысшыларының орташа жалақысы 100 мың теңгені құрайды. Оның қираған нысанын қалпына келтіруге 7,7миллион теңге жұмысалыпты.  Кəсіпкер дүкендегі нан жəне сүт өнімдеріне, басқа да азық-түлік тауарларына бар болғаны 5-7 пайыз үстеме қосып, өткеріп отырғанын жасырмады.

Жеке кәсіпкер Джэмаль Арлидің шаруашылық және азық-түлік дүкенін қалпына келтірілген.

Сапар соңында аймақ басшысы Сортөбе ауылындағы 2 пәтерлі 10 тұрғын үйдің жай-күйіне қанықты. Қордай ауданының əкімі Мəден Мұсаев бұл 20 пәтер əртүрлі санаттағы азаматтарға берілгенін айтты.

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев осындай тұрғын үйлерді кəсіпкерлердің көмегімен көптеп салып, пəтер кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтуды үйлестіруді тапсырды.

 

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.