• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы әкімі ауылдықтарды алаңдатқан мәселелерге назар аударды

turan_admin turan_admin
11.03.2023, 12:40
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі ауылдықтарды алаңдатқан мәселелерге назар аударды
380
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 Жамбыл облысының әкімі Жуалы ауданындағы Күреңбел және Жетітөбе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен басқосуға құқық қорғау органдарының, салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Алдымен Күреңбел ауылдық Мәдениет үйінде өткен жиында жергілікті тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдап, жауаптар алды.

 Екі елді мекеннен тұратын округте жалпы 394 аула бар. Ауылдықтарға бір орта мектеп, бір негізгі мектеп, балабақша, екі медициналық мекеме, бір клуб, бір кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Көгілдір отынмен қамтылған.

Округте 194 шаруа қожалық тіркелген десек, олар мал шаруашылығы және егіншілікпен тұрақты түрде айналысуда. Техника алу, тыңайтқышпен қамту, өсімдік шаруашылығын дамыту және мал басын арттыру бағыттары бойынша қожалықтарға 101 миллион теңгеден астам субсидия берілген.

Ағымдағы жылы ауылда шағын сүт өнімдерінің цехын ашу, жаңбырлатып суғару қоңдырғысын енгізу және басқа да жобаларды жүзеге асыру көзделуде.

Өз кезегінде күреңбелдіктер ауылға спорт кешенін салу, автожолға көпір соғу, жерді дәрілеу, ауыз суға қатысты мәселелерді көтеріп, округтің тұрмыстық табысты арттыру жобасына қашан енетінін сұрады.

Аймақ басшысы ауылдықтарды алаңдатқан мәселелерге құлақ түріп, барлық сұрақтарға облыстық деңгейде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып жауап берді. Кейбір мәселелердің маңыздылығына қарай айрықша назар аударып, шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, аталған жоба аясында қазіргі таңда ауданның үш ауылдық округінде жұмыстар жүріп жатқанын, 2025 жылға дейін облыстың барлық ауылы қамтылатынын айтты.

Дәл осындай форматтағы кездесу Жетітөбе ауылдық округінде де өтті.

Жалпы алты елді мекеннен тұратын ауылдық округке газ, ауыз су тартылған. Бүгінде тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту жөніндегі жобаның бес бағыты бойынша 2,5 пайыздық несиелеу шаралары жүзеге асуда.

Облыс әкімі аталған жобамен қатар ауылдағы әлеуметтік мәселелер де кешенді түрде шешілуі маңызды екенін атап өтті. Ол үшін жауапты тұлғаларға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, жан-жақты жұмыстар жүргізу үшін нақты міндеттер жүктеді.

Жиында ауылдықтар тарапынан көтерілген жайылым, тоғанға көпір салу, көше жөндеу және өзге де маңызды сауалдарға жауаптар берілді.

Аймақ басшысы жергілікті тұрғындарды округ әкімімен бірлесіп жұмыс істеуге, қолдауға, ортақ жауапкершілікті сезінуге шақырып, сонда ғана көп мәселелерді шешуде нәтижеге жетуге болатынын баса айтты.

Кездесулерден соң Нұржан Нұржігітов облыстық құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

 

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.