• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Жамбыл облысы ішкі істер органдарының ардагерлері әрқашан сапта

04.02.2021
0
Жамбыл облысы ішкі істер органдарының ардагерлері әрқашан  сапта
326
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жүйесі өз қызметінің ашықтығы мен айқындығын көрсетуде.Ішкі істер органдары қызметінің негізгі функциялары- заңдылықты,қоғамдық тәртіпті қорғау, адам құқықтарын сақтау, жариялылық, ал бастыміндеттері — құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстық көріністерге жол бермеу, егер олар орын алса, шұғыл тергеп-тексеру және ашу, қылмыс
жасаған адамды жауапкершілікке тарту болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019
жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: ;Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін  ;Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру. Билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана қазіргі геосаясат мазмұнына кіріктірілген үйлесімді мемлекет құруға болады;, -деп атап көрсетті.

Адамдардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру жөніндегі осы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыра отырып, ҚР ІІМ учаскелік полиция инспекторларының қызметіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Полицейлер азаматтар үшін қолжетімді, танымал, беделді болуға,олардың құқықтарын белсенді қорғауға тиіс. Халық, бірінші кезекте,учаскелік полиция инспекторына өз мәселелерімен жүгінеді, бұл әсіресе
ауылдық жерлерге қатысты. Кейде оның іс-әрекеттері бойынша адамдар біздің полицияның жұмысын тұтастай бағалайды. Учаскелік полиция инспекторының тоқсан тоғыз қызметтік міндеті  бар екені және оның жұмысы тәулік уақытымен шектелмейтіні құпия емес.

Жамбыл облысында барлығы 355 учаскелік полиция инспекторы мен 51 УПИ көмекшісі бар. Біздің аймақтың Полиция департаменті осы қызметтің материалдық базасын нығайту үшін барлық шараларды қабылдауда. Соңғы уақытта олардың ұтқырлығы айтарлықтай жақсарды. Барлық УПИ автокөлікпен қамтамасыз етілген, рациялармен және басқа да тұрақты байланыспен, полиция базасына қосылған тасымалды планшеттермен және бейне тіркегіштермен жабдықталған, олар қажетті ақпараттарды шұғыл түрде бере алады, бұл қызмет көрсетілетін учаскелердегі жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді.

2020 жылы Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен полицияның тірек пункттерін техникалық құралдармен жабдықтау үшін қосымша 100 Нива автокөлігі, 321 компьютер мен планшет, 103 жылжымалы радиостанция және 100 бейнетіркегіш сатып алынды.

Мұның бәрі учаскелік полиция инспекторы жұмысын едәуір жақсартуға мүмкіндіктер мен оң нәтиже берді. Өткен жылы қоғамдық орындарда және көшелерде қылмыс 25,1% — ға төмендеді, полицияның учаскелік инспекторлары 471 қылмысты ашты, оның ішінде: 10 — кісі өлтіру, 45 — дене жарақатын салу, 126 — ұрлық, атап айтқанда: 62-мал ұрлау; 202-
есірткіге байланысты қылмыс.

Дегенмен, учаскелік полиция инспекторы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өз жұмысында жұртшылық тарапынан тұрақты қолдауға ие болуы тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай өзара әрекеттесу жақсы нәтиже береді. Бір кездері болған ерікті халық жасақтары мен басқа да қоғамдық құрылымдардың, өкінішке орай, жұмысын тоқтатқаны белгілі.

Осыны ескере отырып, Жамбыл облысының Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұланның ардагерлер кеңесі 2019 жылы Полиция департаментіне учаскелік инспекторлар қызметін нақты қолдау туралы ұсыныспен шықты. Облыстық Полиция департаментінің басшылығы бұл ұсынысты қуана қолдады.

Осыған байланысты, аумақтық полиция бөліністері өз бұйрықтарымен облыстың 199 учаскелік полиция пунктінің әрқайсысына бұрын учаскелік инспектор қызметін өткерген, ювеналдық полицияда, қылмыстық іздестіруде және басқа да қызметтерде өз тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторына ерікті және өтеусіз негізде кәсіби көмек көрсететін ішкі істер органының бір ардагерін бекітіп берді.

Қазіргі уақытта мерзімді түрде, ІІО-ның әрбір ардагері, негізінен кешкі уақытта және қажеттілігіне қарай полицияның тірек пунктінде бекітілген учаскеде кезекшілікті жүзеге асырады, онда УПИ-ден оқиға орнына шығудан басқа, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды ашу бойынша үлкен жұмыс тәжірибесімен бөлісе отырып, жас полиция қызметкерлеріне тәрбиелік және тәлімгерлік көмек көрсетеді. Бұл көмек әсіресе мал ұрлығы кең таралған ауылдық жерлерде өте құнды. Өйткені, мал басы ауыл тұрғынының жалғыз табыс көзі болып табылады.

Мәселен, 26.05.2020 жылы Жамбыл АПБ-ге 1974 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны белгісіз біреулер Ерназар ауылындағы шаруа қожалығынан жылқысын ұрлап, 450 мың теңге көлемінде шығын келтіргені туралы арызданған. Іздестіру нәтижесінде учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ағабек Байділдаев пен ІІО ардагері Кенжетай Оспанов осы қылмысты жасағаны үшін сол ауданның тұрғынын ізін суытпай ұстады. Жылқы малы иесіне қайтарылды.

Тағы бір мысал, 21.01.2021 жылы облыс орталығының Абай даңғылында белгісіз ер адам пышақ тәрізді затпен қорқытып, кәмелетке толмаған баланың ұялы телефонын алып кеткен. Іздестіру шаралары барысында Тараз қаласының 1-ПБ учаскелік инспекторлары полиция майоры Самат Мұстахи мен полиция капитаны Нұрғиса Мирқасым ІІО ардагерлері Абдурахман Зайнутдинов пен Рыскүл Мыңжасаровамен бірлесіп, 1977 жылы
туған жергілікті тұрғынды ұстады, күдікті кінәсін мойындады. Ұрланған телефон тәркіленіп, жасөспірімге қайтарылды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мұндай мысалдар аз емес.

Өз қызметінде бекітілген аумақта ҚР ІІО ардагерлері ювеналды полиция қызметкерлеріне көмек көрсетеді, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында полиция өткізетін Жасөспірім профилактикалық іс-шараларына қатысады. Жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық мекемелерінде, түнгі клубтарда, сауда орындарында жасөспірімдерге алкоголь мен темекі өнімдерін сатуға жол бермеу бойынша бірлескен рейдтер жүргізіледі, мектептерде, колледждерде тәрбиелік тақырыптарға дәрістер ұйымдастырылады. Жамбыл облысы ішкі істер органдарының ардагерлері облыста өткізілетін барлық қоғамдық-саяси, еске алу және қайырымдылық іс-
шараларына белсенді қатысады.

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда маңызды саяси іс- шара –Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттығына сайлау өткізілді. ҚР ІІО ардагерлері бюллетеньдер мен сайлау жәшіктерін күзетуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасады. Олар бекітілген учаскелерде полиция қызметкерлерімен бірге тәулік бойы кезекшілікке
қатысып, қоғамдағы құқықтық тәртіпті жақсартуға ықпал ететін азаматтық белсенділігін танытты.

Өкінішке орай, соңғы уақытта енгізілген жас бойынша карантиндік шектеулер ардагерлерге полицияға белсенді түрде көмектесуге мүмкіндік бермейді, бірақ олар барлық қиындықтарды жеңіп, індеттің беті қайтатынына және әлі де өздерін толық көрсететініне сенімді.

Тұтастай алғанда, Жамбыл облысының ІІО ардагерлері ҚР ІІМ-нің
көптеген, бастамашыл және белсенді ардагерлер ұйымдарының мүшесі
ретінде әрқашан сапта, жас ұрпаққа үлгі болып, кәсіби білімі мен
күнделікті тәжірибесінің әлі де қажет екенін көрсетуде;, — деп тұжырымдады
сөзін Жамбыл облысының Ішкі істер органдары ардагерлер кеңесі және
Ұлттық Ұлан төрағасының орынбасары отставкадағы полиция
подполковнигі Асқар Арқабаев.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты