• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
14.09.2026, 16:09
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада екінші орында

turan_admin turan_admin
21.09.2021, 19:51
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада екінші орында
101
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте алдымен коронавирустың алдын алу шаралары, вакцинация жұмыстарының барысы қаралды.

Аймақ басшысы науқастардың саны азайғанымен, олардыішінде оқуашылардың көрсеткіші көбейіп жатқанына назар аударды. Бүгінге дейін 146 оқушы дерт жұқтырған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, бүгінде дейін облыста 19480 адам КВИ-ға шалдыққан. Олардың 94,2 пайызы сауығып  шыққан. Соңғы тәулікте 55 адам ауырған. Қазіргі таңда 1135 науқас ем қабылдауда.

Аймақ басшысы жағдай жақсарды, облыс «Жасыл» аймаққа өтті деп қарап отыруға болмайтынын, кез-келген жағдайға дайын болу керектігін ескертті.

Басқарма басшысы, жағдай қайта күрделене түссе, Қордай, Меркі аудандарынан қосымша оттегі станциясын ашу қажеттігін айтып өтті.

— Сондай-ақ, дезинфекция шараларын жалғастыра түсу маңызды. Мектептердегі санитарлық талаптардың сақталуына да айрықша ден қойыңыздар. Айдың соңына дейін вакцинация көрсеткішін 90 пайызға жеткізуге тиіспіз, сол бойынша жұмысты күшейту қажет,-деген Бердібек Сапарбаев  тұрғындарды екпемен қамту шараларындағы жұмысы сылбыр аудан басшыларын сынға алды.

Басқасудың күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес, ағымдағы жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы мен бюджет қаражаттарының игерілуі және тоғыз айдың болжамды көрсеткіштері сараланды.

Есепті кезеңде облыстың экономикалық өсімі 105,3 пайызды құрады. Ал, осы орайдағы республикалық көрсеткіш 103,6 пайыз. Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндады.

— Өнеркәсіп саласындағы өсім  6,2 пайызға, ауыл шаруашылығы – 1,0 пайызға, құрылыс – 11,3 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй – 6,0 пайызға, инвестиция көлемі — 20,2 пайызға, сауда – 4,4 пайызға артты. Көлік және қоймалау саласында көрсеткіш өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 4,5 пайызға артты,-деді Г. Жауынбекова.

Сондай-ақ, халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы биылғы бірінші тоқсанда 89,4 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы көріністе 17,2 пайызға артқан. Ал, орташа айлық жалақы екінші тоқсан бойынша 203,8 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 25,8 пайызға өскен.

Екінші болып сөз алған қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиевтің айтуынша, бірінші қыркүйектегі жағдай бойынша облыс бюджетінің  кірістері 296,7 млрд. теңгеге немесе 104,8 пайызға орындалған.

Сонымен қатар, меншікті кірістер 64,7 миллиард теңгеге немесе 126,7 пайызға атқарылды. Бұл – облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың ішінде 3-ші көрсеткіш екенін айта кету керек.

— Меншікті кірістер жоспары жергілікті бюджеттердің барлығында артығымен орындалып отыр. Облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 299,9 миллиард теңгеге немесе 99,7 пайызға игерілді. Бұл көрсеткіш облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың ішіндегі 2-ші көрсеткіш болып табылады,- деді басқарма басшысы.

Жиынды қорытындылыған облыс әкімі осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды түрде жалғастыру керектігін жеткізді.

— Сегіз айдың қорытындысы бойынша нәтиже жаман емес. Жалпы, экономикалық өсім бойынша республикада екінші орындамыз. Дегенмен, біз облыстың әлеуетін әлі де толығымен пайдалана алмай отырмыз. Тоғыз ай,  жылдық қорытындымен де барлық көрсеткіштер бойынша республикалық мәннен төмен болмауымыз керек. Ол үшін күнделікті бақылап, саралап отырыңыздар. Статистикамен жұмыс жасаңыздар. Қаржы толығымен игерілуі тиіс,-деді Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26
№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды

14.09.2026, 14:54

Қазақстан — PSG Academy желісіндегі 24-ші мемлекет

14.09.2026, 12:26

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.