• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:11
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы астанадағы жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық өнім әкелді

turan_admin turan_admin
12.09.2020, 09:18
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы астанадағы жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық өнім әкелді
214
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Нұр-Сұлтан қаласындағы  «Хан Шатыр» сауда -ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда жамбылдық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті.

Шаруалар жалпы құны 320 миллион теңге болатын  282,6 тонна азық-түлік өнімдерін әкелді.

Елорда тұрғындарына ет, сүт және кондитерлік өнімдер, бал, көкөністер мен жемістер ұсынылды. Жәрмеңкеге  Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысының әкімдері Алтай Көлгінов пен  Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты.

— Мұндай жәрмеңкелер өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға және маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыруға оң әсерін тигізеді. Бұл елордалықтардың басым бөлігінің назарын аудартқаны қуантады.

Мемлекет шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетуде. Біздің басты мақсатымыз – импортты азайту және өз облысымызды ғана емес, көрші өңірлерді де отандық өніммен қамтамасыз ету, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Жәрмеңкеде Жамбыл облысының 10 ауданы және Тараз қаласынан келген барлығы 90 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі өз өнімдерін ұсынды.

Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев жыл сайын мұндай жәрмеңкені өткізу барысында көлік шығындары мен сауда орындарымен қамтамасыз етуді салалық басқарма өз мойнына алатындығын атап өтті. Тауарларды жеткізу үшін 10 ауыр жүк көлігі бөлінген десек, оның ішінде 4 тоңазытқышпен қамтылған көлік бар. Ал, тауар өндірушілер үшін екі автобус ұйымдастырылыпты.

Шаруалар бағаны нарықтан 10-20 пайыз төмен бағада өткеруге еш қарсылық білдірмей, келісім берген.

Тұтынушыларды  өнімдердің тек бағасы ғана емес, сапасы да қызықтырды.

— Барлық өнімдер санитарлық-ветеринарлық талаптарға сәйкес келеді және тауардың сапасы мен шығуына қатысты сертификаттарға ие.

Мұндай жәрмеңкелер сатып алушыларға ғана емес, сатушыларға да пайдалы. Себебі, олар өз өнімдерін делдалсыз тікелей өткеруге мүмкіндік алады, — дейді Берік Нығмашев.

Таңертеңнен «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы маңындағы алаңға ағылған астаналықтарда есеп болмады. Оларды  тиімді бағадағы өнімдердің сапасы мен алуан түрлілігі қызықтырды.

— Жамбылдық көкөністер мен жемістер дәмі ерекше. Мен алма, қарбыз, қауын және кептірілген жемістерді базардағы бағадан екі есе арзанға сатып алдым, — дейді елорда тұрғыны Толқын Қапанова.

Тағы бір тұрғын Алтынай Мұсылманқұл жәрмеңкеден сатып алған азық-түлігінің үш аптаға жететінін тілге тиек етті.

— Келушілер ет, сүт өнімдерін, көкөністер мен жемістерді, жұмыртқаларды таласа сатып алды. Сапалы және жаңа өнімдерді сатып алуға, ақшамызды үнемдеуге мүмкіндік болды, — дейді ол.

Т.Рысқұлованың ауданынан келген «Халық» ҚК басшысы Рысжан Халықова жәрмеңкеге 500 келіге жуық ет әкеліпті.

— Қой етінің бір келісі 1900, сиыр еті — 1800, жылқы еті — 1900 теңгені құрайды. Бірінші күні-ақ, үш сағаттың ішінде мен барлық тауарларды сатып үлгердім. Біздің етіміздің дәмін татып, астаналықтар жамбылдық өнімдердге ризашылықтарын білдіретініне күмәнданбаймын, — дейді фермер.

«Василенко» ЖК өнімдері де сөреде көп тұрмай  өтіп кеткен. Сатушылар балдың 5 түрін сатқан.

— Біз Жуалы ауданынан бір тонна бал алып келдік. Олардың келісі 1500 теңгеден сатылды. Балдың денсаулыққа пайдалы екендігі белгілі. Біз әр сатып алушыға түрлі ауруларға қандай балды пайдалану керектігін егжей-тегжейлі түсіндірдік, — дейді Дмитрий Василенко.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаның қатысушылары да бұл шарадан шет қалмады. Мәселен, осы жоба аясында құрылған Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылынан 4 шаруа қожалық өкілдері жәрмеңкеге келген.

— Осы жәрмеңке үшін ауыл тұрғындарынан 8 тонна өнім жиналды. Біздің пияз, қызанақ, картоп, қияр, алма мен қара өрігімізді сатып алушылар аз болмады.

Құмарық ауылынан барлығы 598 аула пилоттық жобаға қатысуда. Келесі жылы біз жәрмеңкеге үлкен құраммен келетін боламыз, — деді Құмарық ауылының әкімі Болат Мансұр.

Жәрмеңкенің екі күнінде жамбылдық аграршылар 42,8 тонна ет, 5 тонна шұжық өнімдері, 12,5 тонна сүт өнімдері, 5000 дана жұмыртқа, бір тонна кондитерлік және 1,5 тонна макарон өнімдері, 5 тонна қант, 6 тонна балық, 2,5 тонна бал, 1,5 тонна кептірілген жеміс, 203,9 тонна көкөніс пен жеміс-жидек сатуға ниетті.

Айта кетейік, шара барысында аз қамтылған отбасыларға 30 азық-түлік жиынтығы таратылды.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары үшін жамбылдық қолөнер шеберлері жасаған нео-фольклор стиліндегі кәдесый бұйымдары мен киімдер көрмесі ұйымдастырылды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.