Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Зейнебеков пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс басталғаны туралы хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпарат агенттігі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ (СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ) ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНЕ сұрау салған болатынбыз.
-
«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» (бұдан әрі — Еңбек департаменті) лауазымды адамына қатысты қылмыстық істің бастау алғаны жайында ақпарат беру туралы сұрау хатыңызға Жамбыл облысы прокуратурасының рұқсатымен келесі хабарланады.
Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен аталған Еңбек департаментінің лауазымды адамына қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, қалған ақпарат жария етілмейтінін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы — ПАРА АЛУ фактісі болып есептелінеді. Бізге түскен ақпарат бойынша Мұрат Зейнебеков мүгедекке шығару үшін 100 мың теңгемен ұсталған деседі — мыс.
Айта кетерлігі, осының алдыңғы басшылары Есбулганова М. мен Тунгишбаев С. қатысты сот отырыстары өтуде.