Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарма басшысысының м.а. Хамит Мырзақасымов пен Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров Тараз қ., Демьяно Бедного көшесі, 35 мекенжайы бойынша №6 Қалалық емханада азаматтарды қабылдайды.
«Adal komek» жобасының мақсаты- азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде құқықтық көмек көрсету.
Азаматтарды қабылдау тақырыбы туралы ақпарат әр дүйсенбі сайын бұқаралық ақпарат құралдарында, Департаменттің www.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.
Шараға қатысу үшін 8 774 503 07 49 WhatsApp нөмірі арқылы алдын ала жазылу қажет.