Акцияға облыс тұрғындары мен жастар да белсене атсалысып келеді. Тараз қаласындағы «Самал» шағынауданында №12 үйдің тұрғындары «Таза аула» ұранымен өз ауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Экологиялық акцияға қатысушылар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.
«Мемлекет Басшысының батамасымен жүзеге асырылып жатқан акция облыста жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгінгі тазалық жұмыстарына қала тұрғындары да белсене араласуда. Осындай шаралар үздіксіз жүргізілетін болса, тараздықтар тазалық жұмыстарын әдетке айналдырады деп ойлаймын. Баршаны туған қаламыздың көркеюіне үлес қосуға шақырамын», — деді сенбілікке қатысушы эко-волонтер Айғаным Арқабек.
Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 133,2 мың аула мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 085 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылды.
Бұл жұмыстарға 1 056 бірлік техника қатысты.
Жамбыл облысының әкімдігі