• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНДЕ АЛҒАШ РЕТ «ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ФОРУМЫ» ӨТТІ

12 – тамыз «Халықаралық жастар күніне» орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жас мемлекеттік қызметшілер форумы» өтті.

17.08.2023
0
ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНДЕ АЛҒАШ РЕТ  «ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ФОРУМЫ» ӨТТІ
180
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Форумның мақсаты — өңірдегі мемлекеттік қызметтің оң имиджін одан әрі көтеруді, жас мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсетуді, мемлекеттік қызметшілердің негізгі миссиясы елге қызмет ету екендігін түсіндіруді, әділ, жауапкершілігі жоғары, адалдық және парасаттылық қасиеттерге ие тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді.

Форумның бірінші күнінде жас мемлекеттік қызметшілердің коммуникациялық дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған «Ой шебері» өңірлік зияткерлік сайысы өтті.

Іс-шара барысында жас мемлекеттік қызметшілер үшін Тараз қаласында орналасқан Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі мен көрмелерді таныстыру шарасы ұйымдастырылды.

Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының мүшелері, ерікті жас мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, «Ой шебері» зияткерлік сайысының қатысушылары «Үміт» балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Форумның негізгі бөлігі (екінші күні)«Баласағұн» атындағы мәдениет сарайында өзжалғасын тапты.

Форумға 18 бен 35 жас аралығындағы 500жас мемлекеттік қызметші қатысты.

Форумды облыс әкімі аппаратының басшысы М.Мәтен ашып, жас мемлекеттік қызметшілерді биік мақсаттарға қол жеткізу үшін, атқарып отырған қызметін сапалы жүзеге асыруға жігерлендіру, елге адал қызмет ету қажеттігін, елдің ертеңі жастардың қолында екенін атап өтті.

Іс-шара барысында, Департамент басшысы Л.Ілебаев халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы мен әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу кезеңі басталатыны туралы толық мәлімет берді.

Әрі қарай, Президенттік жастар кадр резервшісі-Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Дәулет Қуатұлы Қалдығужин Президенттік жастар кадр резерві жобасы туралы мәлімет бере отырып, аталған жоба өзінің білімі мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік бергенін атап өтті.

Бұдан әрі бірқатар мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке қосқан елеулі үлестері үшін марапатталды.

— Атап айтқанда, Талас ауданы Берікқара ауылдық округінің әкімі Е.Смаилов ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының «Алғыс хатымен», ата-анасы Департамент басшысың «Алғыс хатымен»;
— «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының бас жүлдегері Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі К.Елемесова облыс әкімінің «Алғыс хатымен»;
— «Ой шебері» өңірлік зияткерлік сайысының І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары жүлделі сыйлықтармен мапаратталды.  

Екі күнге жалғасқан  «Жас мемлекеттік қызметшілер форумы» концерттік бағдарламасымен ұласып, өз мәресіне жетті.

Тегтер: БайқауЖамбыл облысыМемлекеттік қызмет істері агенттігі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты