• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ТУ ТҰҒЫРЫНЫҢ САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

turan_admin turan_admin
20.03.2021, 14:10
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ТУ ТҰҒЫРЫНЫҢ САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ
333
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Наурыз мерекесі қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданында жұмыс сапарымен болып, мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзе асқан бірқатар нысанды аралады. Алдымен өңір басшысы Бесжылдық ауылының шыға берісіндегі (Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автожолының маңы) еліміздің көк байрағы желбіреген саябақтың ашылуында болды. Саябаққа республикалық бюджеттен 39 млн теңге жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын сәтті аяқтаған «МадГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15 соттық аумаққа биіктігі 23 метрге жеткен Тудың тұғыры мен алаңшасын салған. Кешқұрым саябақтың әр тұсынан жарық шамдары жанып, ауыл көркін алыстан менмұндалатып тұр.

Ашылу салтанатында сөз алған өңір басшысы мемлекетіміздің айшықты нышандарының бірі саналатын байрақ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тарту екенін жеткізді.

– Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі.

Биылғы жылды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялады. Тәуелсіздікке тарту ретінде облыс көлемінде «30 жылдыққа 30 жоба» атты ауқымды игіліктер қолға алынды. Аталған жоба аясында бүгін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында еңсе тіктеген аллеяда тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісіне айналған Мемлекеттік Туымыз көтерілді. Елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің алтын діңгегіне айналған қасиетті көк Туымызға арналған бұл нысанның жас ұрпақ үшін берер пайдасы ұшаң теңіз боларына кәміл сенемін, – деді.

Алғысын арқалаған медицина ғылымдарының докторы, профессор Сайлаубек Шалқаров сөз алып, өскелең ұрпақтың бабалар салған сара жолын ұлықтауға ұмтылған басшылар мен тұрғындарға риза көңіл танытып, ақ батасын берді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.