Бүгін Жамбыл облысы ТЖД 112 пультіне Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында жеке тұрғын үй аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел түрде Департаменттің күштері мен құралдары жіберілді. Барған кезде құрғаған шөптің жанғаны, жалынның шаруашылық құрылыстар мен шөп қораға таралғаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби іс-әрекетінің арқасында өрт жедел сөндірілді. Тілсіз жау тұрғын үйге таралмай, баспана аман қалды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ТЖМ