• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ КӨЗ ҚУАНТАДЫ

turan_admin turan_admin
25.11.2020, 23:11
Облыс жаңалықтары
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ  КӨЗ ҚУАНТАДЫ
273
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Құрылыс саласында да тетігін тапқан тірліктер аз емес. Жыл басынан бері 8,9 миллиард тең­геге құрылыс жұмыстары жүр­гізіліп, өсім 3,5 миллиард теңгені құраған.
Ауданда 937 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, бұл мәселені шешу үшін «Жұмыспен қамту жол кар­тасы» бағдарламасы бойынша 76 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құры­лысы жүргізілуде. Осындай тағы 4 тұрғын үй құрылысының құ­жаттары дайындалып, 2,9 мил­лион теңгеге бюджетке өтінім берілген.
Ал кезекте тұрған 10 мыңнан аса тұрғынды жер телімімен қамту мақсатында 7 елді мекеннің ин­женерлік инфрақұрылымына құ­жаттар әзірленіп, 3,8 миллиард теңгеге өтінім жолданып отыр. Егер қолдау тапса, 1 882 отбасына жер берілетін болады.
Аудан әкімі Сәкен Қаланұлы жолдар мәселесіне де жіті көңіл бөліп отыр. Атап айтсақ, биыл Өрнек-Тоғызтарау-Жаңаөткел жолы (94,4 млн теңгеге 6 ша­қырым) мен 12 ауылдың 28 ауыл­ішілік жолдары (206,4 млн тең­геге 22,9 шақырым) жөн­деу­ден өткен.
Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 12 ауылдың 63 ауылішілік көшелері мен 1 аудандық мәндегі автомобиль жолы (753,9 млн тең­геге 54 шақы­рым) жаңарған. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы шең­берінде 5 ауылдың 8 ауылішілік көшесіне (98,4 млн теңгеге 5,5 шақырым) тақтайдай тегіс асфальт төселген.
Жамбыл ауданындағы 42 елді мекеннің 23-де орталық­тан­ды­­рылған ауызсу жүйесі жоқ де­генімізбен, бұл мәселе кезең-ке­зеңімен шешілмек. Мәселен, биыл Жамбыл ауылдық округіндегі 5 елді мекеннің ауызсу жүйесі аяқталса, Шоқай, Жасөркен, Қызылқайнар, Ақбұлым, Байтерек және Қаратау сынды 6 ауылға ауызсу құбырын тарту жұмыстары басталған. Атал­ған нысандағы жұ­мыстар аяқ­талғанда халықты ауыз­сумен қамту деңгейі 69 пайызға жетеді.
Бұдан бөлек, Бесағаш-Түрксіб ауылының құжаттары әзірленіп, 1,5 миллиард теңгеге бюджеттік өті­нім тапсырылған. Сонымен қатар Бек­төбе-Қызылшарық (996,7 млн теңге) және Қаракемер (441,8 млн тең­ге) ауыл­дарына да құжаттар дайын­далуда. Ал қалған Әулиекөл, Көл­қайнар, Ке­мел, Сеңгірбай, Жұма, Құмсуат және Жаңаөткел сынды 7 елді ме­кенді ауызсумен қамту жеңіл­детілген жол­мен ұйым­дас­тырылмақ.
Ауданда бұған дейін 26 ауылға газ тартылып қойған болса, биыл тағы 13 ауыл көгілдір отынның қы­зығын көргелі отыр. 5 елді мекенге ауыліші­лік газ тарту жұ­мыстарына 725,2 миллион теңге бөлініп қойса, тағы 5 елді мекенге газ құбырын жүргізу үшін 35,6 миллион теңгеге тиісті құжаттар дайындалуда.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.