Ағымдағы жылы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мүліктік қылмыстарды жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған ұрыны құрықтады. Бұл тұлға тек 2 ай ішінде Жамбыл ауданында 6 тұрғын-үйге заңсыз кіру арқылы қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырған.
Ұры үй иелерінің жүріс-тұрысын аңду арқылы, олардың нақты үйде болмаған уақыттарын ыңғайлап, үйге заңсыз кірген соң алтын бұйымдардан бастап азық-түлік заттарына дейін жымқырған.
Полиция қызметкерлерінің күшімен бұл тұлға әшкереленіп, қамаққа алынған.
Нәтижесінде сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Облыс тұрғындарын өз мүліктеріңізді сақтау үшін шаралар қолдануға, оны қараусыз қалдырмауға, үйлеріңіз бен мүліктеріңізді қылмыстық қол сұғушылықтан барынша қорғауға шақырамыз.
Дереккөз-Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі






