Бердібек Машбекұлы Мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жеткізіп, елге, халыққа өз көмек қолын созған патриот азаматтарды халық арасында таныту керек екендігі маңызды екеніне және биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық, Күләш Ахметованың 75 жылдық мерейтойларын өз деңгейінде атап өту керек екендігін, оны жас ұрпақтың бойына сіңірту мәселесіне де тоқталды.
Ұлттық құндылықтарды оның ішінде отбасы тәрбиесін қолға алу, тәрбиес мәселесі шет қалмау керек екендігін, 30 жылдың ішінде елге танылған Халық Қаһармандары мен Еңбек Ерлерін, ел үмітін арқалаған азаматтарды жас ұрпаққа таныстыру арқылы тәрбиелеу және осы бағытта жұмыстарды жандандыру керек екеніндігін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, жиында әкім аудандық, облыстық газеттердің материалдық-техникалық базасының жағдайына тоқталды және кезінде облыстық телеарнаны әкімшіліктің меншігіне коммуналдық меншік ретінде беру керек екендігін қолдағанын айтып өтті.